Спорт Қазақстан
$448.89 €477.93 ₽4.76
×

«Біргеміз-Қызылорда» қоры 6 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмектесті

AstanaTV
22.04.2020ж. 20:00
3198
«Біргеміз-Қызылорда» қоры 6 мыңнан астам мұқтаж отбасыға көмектесті

6 мыңнан астам мұқтаж отбасыға "Birgemiz-Kyzylorda" қорынан материалдық көмек берілді. Мамырда тағы сегіз мың отбасыға ақшалай көмек беруді жоспарлап қойған. Елбасының бастамасымен құрылған "Birgemiz" республикалық қор халықтың әлеуметтік осал тобын қолдау үшін қолға алынған болатын. Әріптесім тақырыпты тарқатады.

Көп балалы Молдақожаевтар отбасы үшін карантин кезеңі ерекше сынақ болды. Шиеттей бала-шағаның кішісі - емшекте, ал енді бірі - мүгедек. Тамақтан тарықпау үшін ұнның өзін қапшықтап сатып алуға тура келеді. Ерлі-зайыптылардың қысқа жіпті күрмеуге келтіре алмай қиналатын кездері де жиілеген. Отанасы Гүлнұрдың сөзінше, осындай қиын сәтте 50 мың теңгенің өзі үлкен көмек.

Гүлнұр МОЛДАҚОЖАЕВА, КӨП БАЛАЛЫ АНА:

Каратин қашанға дейін созылады екен, бұл карантин қашан бітеді, оған дейін не жейміз, мынау балдарға не тауып береміз деген уайым бізде көп болды. Анау 50 мың теңге дегенде қатты қуанып қалдым мен өз басым. Біраз продукты алдық.

Ал Салтанат пен Сымбат осыдан 14 жыл бұрын анасынан айрылыпты. Сол кезде жетім деп жатсынбай туған апасы бауырына басқан. Басқа балаларынан алаламай, апалы-сіңлілі қыздарды да колледждің ақылы бөлімінде оқытып жүр. Қор бөлген 50 мың теңгені оқуға төлепті.

Салтанат АЖМАНОВА:

Мен Қызылорда медициналық жоғары колледжінде медсестра мамандығы бойынша оқып жатырмын, сінілім программист мамандығы бойынша КазГЮА-да оқып жатыр. Осы уақытта бізді демеп, қолдау көрсетіп жатқан Нұр Отан партиясына және Елбасымызға алғысымды білдіремін. 

Карантин қазақстандықтардың үйреншікті өмірін күрт өзгертті. Сондықтан, ең алдымен мұқтаж жандарға көмектесу - басты міндетіміз, дейді «Біргеміз-Қызылорда» қорының өкілдері. Материалдық көмекті бұл өңірде бүгінде 6 мыңнан астам отбасы алып үлгерген.

Райхан ЫСҚАҚОВА, «BIRGEMIZ-KYZYLORDA» ҚҚ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда екінші транштын жұмысы басталды. 7 мың 796 адамға тізім жасалынды. Ол Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен мүгедектері 1 топ мүгедектері, мүгедек баланы асырап отырған ата-аналар, жетімдер, тұлжетімдер. Және таңы да тұрмысы төмен көпбалалы отбасылар тағы жалғасын табады.

Қор төрағасының айтуынша, қазір бұл жұмыстарға ірі кәсіпкерлер мен компаниялар ғана емес, жомарт жандар да үлес қосуда. Тіпті еріктілердің де көмегі ұшан-теңіз. Олар тұрмысы төмен отбасылар мен жалғызілікті қарияларға көмек қолын созып жатыр.

Ш. Сактапова