Спорт Қазақстан
$444.32 €473.33 ₽4.76
×

Коронавирустан 20-ншы өлім жағдайы тіркелді, - ҚР ДСМ

AstanaTV
23.04.2020ж. 20:00
2368
Коронавирустан 20-ншы өлім жағдайы тіркелді, - ҚР ДСМ

COVID-19-дан тағы бір қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді. Бұл жолы өлім дерегі Алматы қаласында тіркеліп отыр. Ол 56 жастағы әйел адам. Марқұмнан коронавирустық инфекция 17 сәуір күні анықталыпты. Тілеухан Әбілдаевтің айтуынша, науқаста созылмалы бүйрек ауруы, асқынған қаназдық, қант диабеті, екі жақты пневмания болған.

Тілеухан ӘБІЛДАЕВ, АЛМАТЫ қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Кеше өкпені жасанды желдетдің тиімсіз болуына байланысты, инвозимдік өкпені жасанды желдетуге ауыстырылған. Кеше ғана бағдарламалық гимодиялиз сиянсын алған.  Бүгін жүргізілген емге қарамастан, көп ағзалық жетіспеушілігі артып 30 минут ішінде өткізілген реанимациялық  шаралар сәтті болмады. Сағат 7:00 де оның биологиялық қайтыс болғаны анықталды.

Айта кетсем, республика көлемінде вирус жұқтырғандардың саны 2200-ден асты. Ең көп жағдай Алматы қаласында, мұнда науқастар саны 750. Сондай-ақ қауіпті індеттен 550 емделуші сауығып шықты. Өкінішке орай 20 адам қайтыс болды.

А. Данияр