Елімізде
«Астана-1» деп аталатын жаңа жүйе іске қосылды. Бұл - кедендік электронды
декларация жүйесінің транзиттік модулі. Бірінші қазаннан бастап жүзеге асырылып
жатқан жобаның тиімді тұстары баршылық. БҰҰ конференциясында қолдауға ие болған
платформаға Қазақстан 3,6 миллион доллар жұмсаған.
Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Ғұсман Амрин бұдан былай транзиттік
декларациялау әлдеқайда оңайырақ болатынын айтады. Осыған дейін транзиттік
мағлұмдамамен уақытша сақтаудың құжаттары рәсімделген болатын. «Астана- 1»
модулінің арқасында кеден арқылы тауар өткізетін адамдар мен компаниялар
қағазбастылықтан арылады. Шекарадан өту мен бағдарламалық қамтамасыз етуге
кететін шығындар қысқармақ. Оңтайландыру нәтижесінде жемқорлық азаяды деген
сенім мол.
Ғұсман Әмрин, ҚР Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары:
Ол екі жағына да жақсы, бір жағынан, бізді бақылау үшін, берілген құжаттар қабылданды ма, өңдеу жұмысынан өтті ме, декларация есебінде шықты ма. Уақытының құны жоғары, жемқорлық сонымен байланысты айтады, тұра тұр шығып жатқан жоқ, анау-мынау, сонан соң келіп, сізге қажет болса, кейбіреулері ақша бермесе, қалай шешеді.
Үш
күн ішінде екі мыңдай транзиттік декларация өңделген. Рәсімдеу уақыты 10
минутты құрайды. Болашақта оны бір минутқа дейін қысқарту көзделіп отыр.
"Астана-1" модулі келер жылдың қаңтарынан бастап толық көлемде іске
қосылады. Болашақта оны ветеринария, фитосанитария мен көлік саласындағы
бақылау платформаларымен біріктіру жоспарда бар.