Спорт Қазақстан
$439.43 €473.31 ₽4.82
×

Коронавирус жұқтырғандардың саны мамыр айының соңына дейін 5000-нан асуы мүмкін, - А.Есмағанбетова

AstanaTV
29.04.2020ж. 20:00
3050
Коронавирус жұқтырғандардың саны мамыр айының соңына дейін 5000-нан асуы мүмкін, - А.Есмағанбетова

Коронавирус жұқтырғандардың саны мамыр айының соңына дейін 5000-нан асуы мүмкін. Бұл туралы елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері айтты. Айжан Есмағанбетова карантин режимінің жеңілдетілгеніне, атүсті қарамауға шақырды.  Сондықтан, сыртқа шыққанда міндетті түрде санитарлық талаптарды сақтау керек дейді.

Айжан ЕСМАҒАНБЕТОВА, ҚР БАС МЕМЛЕКЕТТІК САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Сәуір айының соңына дейін коронавирусты жұқтырғандардың саны 3400 жағдай болады деп болжап отырмыз. Ал мамыр айының соңына дейін - шамамен 5300-ге жетуі ықтимал. Бұл соңғы 2 аптадағы 200-ден астам жағдайды ескере отырып жасалды. Сондықтан біз өз болжамдарымызды тағы біршама түзетіп отырмыз.

Айта кетсем, Республика бойынша індетті жұқтыру дерегінің 3100-ден астам жағдайы расталды. Олардың төртеуі журналист. Сондай-ақ жұқпалы дерттен 800-ге жуық адам жазылыпты. 25 адам қайтыс болды.

А. Данияр