Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

«Біз біргеміз» акциясының екінші толқыны аясында 28 мыңнан астам отбасы қаржылай көмек алады

AstanaTV
29.04.2020ж. 20:00
4054
«Біз біргеміз» акциясының екінші толқыны аясында 28 мыңнан астам отбасы қаржылай көмек алады

«Біргеміз» қорынан бөлінген көмектің екінші толқыны басталды. Бұл жолы "Біз біргеміз" акциясы аясында 28 мыңнан астам отбасы көмек алатын болды. Аз қамтылған отбасылардан бөлек, Ұлы Отан және Ауған соғысына қатысушылар да тізімге енгізілген. Ол үшін 1 жарым млрд теңге бөлініпті. Бір реттік қаржылай көмект  берудің де екінші толқыны басталып кетті. Толығырақ, келесі сюжетте.

Елордалық Бақыт Тоқанұлы - Ауған соғысының ардагері. Үш баланы тәрбиелеп отыр. Карантин кезінде жұмыссыз қалғандардың - бірі. Басқа табыс көзі болмағандықтан, 50 мың теңгеде, дер кезінде келген көмек - деді.

Бақыт БЕКБАЙ, АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ:

Соцзащитадан 16 мың тг бөлінеді. Дегенмен ол көп нәрсеге жетпейді. «Біргеміз» қорынан түскен 50 мың көп көмек болды. Оған проукты алып, жағдайымызды дұрыстап жатырмыз. Бәріне рақмет, қорға, Елбасыға, Президентімізге, үкіметке, бізді, ауған соғысы ардагерлерін шетте қалдырмай көз қырларын салып жүргендеріне алғыс айтамын.

Павлодарлық Үміт әже де әлеуметтік көмектің екінші толқынына ілігіпті. Туғаннан сал болып қалған ол өздігінен жүріп тұра алмайды. Аса күтімді қажет ететіндіктен, қандай көмек болса да қабылдауға дайын.

Үміт ТЕМІРЖАНОВА, ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кеше 50 мың алып, қуандым. Өте-мөте қуандым. Дәріге керек. Дәріге көп ақша кетеді. Өзім жалғыз тұрамын. Жанымда внучкам бар.


Өңірде «Birgemiz» қорынан 50 мың теңгелікті көмекті 8 мыңға жуық отбасы алған. Партия бұдан өзге көмекке мұқтаж отбасыларға азық-түлік себептерін де таратып жатыр.

Ғабит ХАФИЗ, "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫ "JAS OTAN" ЖҚ ПОФ ТӨРАҒАСЫ:

Қазіргі таңда екі бағытта көмек қолы жасалып жатыр. Яғни «Біз біргеміз!» акциясы. Бұл акция бойынша 6 мыңға жуық отбасы қазіргі таңда азық түлік жәшіктерін алып отыр.

«Біз біргеміз» акциясының екінші толқыны да басталып кетті. Республика бойынша бұл жолы 28073 отбасы көмек алмақ.

Ә. Өмірзақ