Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Коронавирус жұқтырған елордалық медицина қызметкерлерін тексеруге комиссия құрылды,- С.Қисықова

AstanaTV
30.04.2020ж. 20:00
3122
Коронавирус жұқтырған елордалық медицина қызметкерлерін тексеруге комиссия құрылды,- С.Қисықова

Елордада 150-ден астам медицина қызметкері коронавирусқа шалдыққан. Оның 30 пайызы індетпен күрес кезінде жұқтырыпты. Қазір бұл жағдайды анықтау үшін Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан арнайы комиссия құрылды. Бұл туралы басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді. Сонымен қатар, кеселге шалдығып ауруханада ем қабылдап жатқандардың 12-сінің жағдайы ауыр, 4 -еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылыпты. Бұдан бөлек, Сәуле Қисықова КВИ-ге тапсыратын тест сараптамаларының бағасын жария етті.

Сәуле ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Қалада бірнеше зертханалар бар. Енді олар жеке жауапкершілігі шектеулі ұжымдар. Өздері қойған бағалар көлемін 11 000-нан 20000-ның арасында. Жүкті кезеңде 37 аптада міндетті түрде өтуге баршаларыңызға ұсынамыз, тегін.

Айта кетсем, COVID-19 індетіне шалдыққандардың саны бүгінге ел аумағында 3400-ге жуықтады.  Ең көп жағдай Алматы қаласында тіркеліп отыр. Қазір мұнда науқастардың саны 1000-нан асты. Емделушілердің басым бөлігі ересектер. Республика бойынша кеселден 860-қа жуық азамат сауығып шыққан. Ал, әлемде пандемияны жұқтырғандар 3 миллион 200 мыңнан асты.

А. Данияр