Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Батыс Қазақстан облысында ауылдықтарды қан қақсатқан барымташылар ұсталды

AstanaTV
30.04.2020ж. 20:00
5632
Батыс Қазақстан облысында ауылдықтарды қан қақсатқан барымташылар ұсталды

Батыс Қазақстан облысында тұрғындарды қан қақсатқан ағайынды барымташылар ұсталды. Олар бірнеше жыл бойы аудандардан жүздеген жылқыны ұрлаған деген күдік бар. Енді полиция ақ адал малынан айрылып, ұрылардан жапа шеккен тұрғындарды анықтауға кірісті. Осыдан бес-алты жыл бұрын жоғалтқан үйір-үйір жылқысын аяқ астынан тауып алған малшылар қуаныштарын жасыра алар емес.

Дархан ҮСЕНОВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
 
44 бас жоғалды 2016-да. Кісілер осы үш күннен бері сонда жүр. Біз де бардық. Бірақ енді бір басты таныдық. Бірақ қаматпай тұр ғой.

Қазір мыңға тарта жылқының жартысынан астамы қамалған, қалғаны далада. Оларды полицейлер күзетіп жүр. Қызметтік көлігімен қылқұйрықты қуалаған сақшылар жылқыны түз тағысынан емес, жоқ іздеген жұрттан қорғап әбігерге түскен. Барымтаны кәсіп қылған ағайынды үш жігітті болса екі айға қамалды. Ал ұрланған жылқы түгенделіп, карантин уақыты біткеннен кейін иелеріне кері қайтарылмақ.

Болатбек БЕЛГІБЕКОВ, БҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
 
8 эпизод бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ олардың тұрғылықты жерлері бойынша тіркелмеген қарулар, атыс қаруы, сонымен қатар олардың оқ дәрілері алынды.

Е. Карин