Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мақтаарал ауданында болды

AstanaTV
06.05.2020ж. 20:00
2359
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр Мақтаарал ауданында болды

Бүгін премьер-пинистрдің орынбасары Роман Скляр, Мақтаарал ауданда болып, тұрғындармен кездесті. Ол халыққа болған жәйтке түсініктікпен қарауды сұрап, Үкімет тарапынан барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтты. Комиссия келген шығынды шұғыл түрде есептеу бойынша жұмыстарды жүргізбек. Ең алдымен тұрғын үйлер қалпына келтіріледі, деді ол. Сонымен қатар, инженерлік, көлік, әлеуметтік инфрақұрылым қолға алынатынын жеткізді.

Роман СКЛЯР, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бүгін арнайы құрылған комиссия облыста жұмысқа кірісті. Облыс әкімі Өзбекстанда болып келгенін айтты. Ендігі жерде жоспарға сәйкес барлық туындаған мәселелеріңізді шешетін боламыз. Президентіміз айтқанындай ешкім де назардан тыс қалмайды.

Комиссия арнайы техника әкелген Өзбекстан мемлекетінің өкілдерімен де кездесті. Су астында қалған ауылдарды тазалауға көрші елден 50-ге жуық техника жұмылдырылыпты. Бұдан бөлек 200-дей жұмысшы күшін жіберетінін жеткізген. Олар судан тазарту, бөгеттерді бекемдеу сынды жұмыстарға атсалыспақ. Сондай-ақ, баспаналарды тұрғызуға да жәрдемдеспек. 

А. Төребекқызы