Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

AstanaTV
12.05.2020ж. 20:00
2035
Қазақстанда азық-түлік қымбаттады

Қазақстанда азық-түлік қымбаттады. Өсім бір айда 1,9 пайызды құраған. Ал, жылдық өсім 10 пайыздан  асты. Яғни қымбаттау деңгейі 2017 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткішке жетіп отыр. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев бүгін Үкімет отырысында айтты. Жеміс мен көкөніс- 5,6 пайызға, қант - 6,2, жарма - 3,4 пайызға қымбаттапты. Оған себеп карантин нәтижесінде шектелген импорт деді. Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен ақылы қызметтер бағасының өсуі шамамен алдыңғы айдың деңгейінде сақталған.

Ерболат ДОСАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ БАНКІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:


Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы жылдық көрсетуде 5,4%-ке өсті. Ұлттық валютаның әлсіреуіне байланысты дәрі-дәрмек пен жеке қолданыстағы тауарлар бағасының өсуі жанар жағармай бағасының төмендеуімен реттелді. Сәуірде бензиннің бағасы - 1,3%, дизель отынының бағасы 2,3% төмендеді. 

Ә. Өмірзақ