Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Елордалық кәсіпкер кәсібінен айрылуы мүмкін

AstanaTV
13.05.2020ж. 20:00
5699
Елордалық кәсіпкер кәсібінен айрылуы мүмкін

Елордада жалғызбасты ана өз кәсібінен айрылып қалуы мүмкін. Байқоңыр ауданы әкімдігі 3 жылдан бері тоқаш сатып, нәпақа тауып жүрген кәсіпкердің дүңгіршегін алып тастамақшы. Әкімдік мамандары кәсіпкердің дүңгіршегі заңсыз орнатылған деп отыр. Алайда шағын кәсіп иесі мұндай шешіммен келіспейді. Тараптарды әріптесім Ғалымжан Өтемісов тыңдап қайтты.

Ғалымжан ӨТЕМІСОВ, ТІЛШІ:

Кәсіпкердің осы шағын ғана дүңгіршекпен жан бағып отқанына 3 жыл болған. Оның айтуынша жалғызбасты анаға кәсібін дөңгелетуге қаланың бұрыңғы әкімі Әсет Исекешовтың өзі қолғабыс еткен көрінеді. Алайда, арадан біраз жыл өтіп белгісіз себептермен Байқоңыр ауданы әкімдігі дүңгіршекті жабу керектігін айтқан.


Шағын дүңгіршек иесі мүгедектігіне қарамастан, ешкімге қол жаймай өз нәсібесін кәсібінен тапқан жан. Дегенмен, табысынан айрылу қаупі төніп тұрғанына алаңдаулы. Тексере келе құжаттарының толық емес екенін анықталған. Бұған дейін ешқандай тексеріс келмегенін айтқан ол, құжаттарын рәсімдеуге уақыт сұрап отыр.  

Раушан ҚАБЫШЕВА, КӘСІПКЕР:
 
Ешқандай заңға қайшы шығатын ана емеспін. Ораза кезінде әкім халыққа жақын деген сөз бар ғой. Мынадай документтерді туралаңыз, жер инспекторы ма басқа ма маған жол көрсетсе, мен барлығын реттеуге дайынмын.


Ал Байқоңыр ауданы әкімдігінің өкілдері кәсіпкерге бұған дейін 3 рет ескерту жасадық деді. Құжатты рәсімдестіруге де уақыт бердік деп отыр. Алайда кәсіпкердің асықпайтынын жеткізді. Жауапты мамандар құжаттарды рәсімдеуге тағы да уақыт беруге дайын. 

Арайбек ХАМЗАЕВ, НҰР-СҰЛТАН қ. БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ КӘСІПКЕРЛІКТІ ҚОЛДАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Ол кісінің сол орында қалуға мүмкіндігі бар. Ол үшін дүңгіршек иесі «Астана» әлеуметтік корпорациясына жүгінуі тиіс. Өтінішке сәйкес корпорция мен әкімдік шешім шығарады. Ол жерде ешқандай талап бұзылмай, рұқсат беруге мүмкіндік болатын болса, кәсіпкерге қалдыруға немесе конкурсқа беруге дайынбыз
.

Арайбек Хамзаев жыл басынан бері Байқоңыр ауданында 15-ке жуық дүңгіршектер алынып тасталғанын айтты. Ол мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу үшін өзге де кәсіп иелеріне ортақ талаптарды уақытында орындауға шақырады.

Ғ. Өтемісов