Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Павлодар облысында тұрғындарға қарсы оқ атуға бұйрық берген, полиция қызметкері

AstanaTV
14.05.2020ж. 20:00
9131
Павлодар облысында тұрғындарға қарсы оқ атуға бұйрық берген, полиция қызметкері

Павлодар облысында полиция қызметкері тұрғындарға қарсы оқ атуға бұйрық берген. Абырой болғанда, қаруда оқ болмаған. Бос патронмен халықты тыныштандырмақ болған полиция қызметкері қызметінен қуылды. Оқиға кеше кешкісін Ақсу ауылдық аймағына қарасты Қалқаман кентіне жақын маңда болған. Жанжалға электр станциясынан шығатын бағалы микросфера себеп. Мәселенің мәнісін ауылға арнайы барып, тұрғындардың мұң-мұқтажын тыңдап келген тілшіміз Өзгеріс Қуанар тарқатады.

Оқиға тұрғындар мен мобилді бекеттегі полиция қызметкерлерінің арасында болған. Жанжалға қарапайым халық "күл" деп атап кеткен -  микросфера шикізатын тасуға рұқсат бермеуі түрткі болыпты. Халықты тыныштандыру үшін тәртіп сақшысы арнайы жасаққа ескерту оғын атуға бұйрық берген.

Осыдан кейін үре түрегелген халық ашуға бой алдырыпты. Абырой болғанда, адамдар дін аман. Тек бір тұрғын дене жарақатын алған. Осыған байланысты бүгін полиция департаменті оқ атуға бұйырған полиция қызметкерін қызметіннен босатты.

Елдар ӘБДІКЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

ҚР 380 бабы 1 бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды. Арнайы құралдарды қолдану фактісі бойынша өзіндік қауіпсіздік басқармасымен ҚР ҚК 361 бабы бөліміне сәйкес тергеу басталды. Соның барысында полиция қызметкерлерінің іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі.


Жанжалға қатысқандар - Береке ауылының тұрғындары. Елді-мекенде 2 мыңға жуық халық бар. Айтуларынша, ауылда жұмыс жоқ. Сол себептен 30 шақырым жердегі  көлге барып, электр станциясынан шыққан күлді жинап, күн көреді. Айтуларынша, оның нарықтағы 1 келісінің бағасы 100 теңгеден саудаланады. Осымен жан бағып отырмыз деген олар тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ көл аумағынан өту үшін пара сұрағандарын айтады.

Серікжан ТАҚАРҰЛЫ, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Бір кісіге беру үшін сату үшін покупателдер келіп тұр как положна ИП-мен алып кетеміз деп тұрған кісілерге бұлар шығарып береміз 500 мың теңге. Біз арқылы шығады. Или біз сендерден тартып аламыз дейді.

Ауыл халқы күннің ыстығы мен суығында маңдай термен жинаған еңбегіміз еш кетті деп күйінеді. Тәртіп сақшылары мен арнайы жасақ «күлімізді» тартып алады деді. 

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Ашуға булыққандар тұрғындар бүгін тағы каналдың жағасына жиналды. Ондағы талабы ауылды күзеткен арнайы жасақтың бұл маңнан кетуін қалайды. Өйткені, жасақ ауылға кіріп шығар жолда тұрғындарды тергеуге алған.

Қазира САПЕКҚЫЗЫ, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Күн көріс үшін жанағы ГРЭС-1, ГРЭС-2-нің шығарып тастаған күл-қоқысын, мусорын собираттайды, жинайды балалар. Сол жерде 3 ферма бар. Металлгамма тағы бірдеңке тағы бірдеңке. Содан алып келген күлдерін өздеріне тапсырту үшін тапсыртпайды. Ауылға келеді. СОБР-лар келеді. ГАЙ-лар келеді милиция келеді түнімен ұйқы бермейді.

Ерболат ӘНИСАРҰЛЫ, БЕРЕКЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Біздің жағдайымызды кім жасайды. Қазақстанда тұрып еңбек істеп өмір сүруге құқымыз бар ма жоқ па? Бұны дәлелдеу үшін обязательно соғыс болу керек пе? Адам өлу керек пе? Қандай жағдай орын алуы керек пе? Мынаны тиісті заң органдары жоғарыда отырған ел ағалары анықтап бір ізге салсын.

Ал облыстық полиция департаменті микросфера мен мал ұрлығын азайту үшін  екі ауылға мобилді бекеттер қойылғанын айтты. Бекеттер ауылдардан алыста орналасқандықтан тұрғындарға кедергі  келтірмейді - деді. Десе де, тұрғындар күлмен күн көріп отырған халықты табыс көзінен айырмауын сұрайды. Олардың жан-айқайын естігін атқамінерлер алдағы аптада мәселені бір жақты шешетіндерін жеткізді.

Ө. Қуанар