Ауа райы -
Негізгі / Жаңалықтар / Күзет қызметкерлері күш көрсетіп, шашынан сүйреген қыз, еркек болып шықты

Күзет қызметкерлері күш көрсетіп, шашынан сүйреген қыз, еркек болып шықты

Мына кадрлар бүгін әлеуметтік желіде тарап, біраз адамдардың наразылығын тудырды. Қостанай қалалық полиция өкілдері, істің ақ-қарасын анықтауға кірісіп кетті. Бейнежазбада күш көрсеткен «Арыстан» күзет мекемесінің өкілдері, ал көпшілік - "қыз" деп таныған жәбірленуші, елордалық ер адам болып шыққан. Жедел әрекет ету тобын, оқиға орнына жанармай құю бекетінің операторы шақыртыпты. Бөгде адам бекет терезесіне тас лақтырып, жұмысшылардың жұмысына кедергі келтіргеніне шағымданған. Дегенмен, оқиға орнына жеткен күзетшілердің жабайы әрекеті, заңды ма? Ол жағын қазір басшыларын анықтамақ.

Уәлихан ИСАХМЕТОВ, «АРЫСТАН» КҮЗЕТ КОМПАНИЯСЫ ҚАУІПСІЗДІК БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қазіргі таңда күзет қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр. Соның қорытындысына сәйкес, оларды жазалау немесе жұмыстан босату туралы шешім қабылданатын болады.

Ал қыз кейпіндегі 1988 жылы туған ер адам Қостанайға қонаққа келген елордалық тұрғын. Ол енді ешқайда кетпеу туралы міндеттеме алған. Оның іс-әрекетіне байланысты бір тәуліктің ішінде шешім қабылданбақ. Полиция "қызтекенің" үстінен бірнеше арыз түскенін айтты.

З. Санай