Ауа райы -
×
Негізгі / Жаңалықтар / Елорда тұрғыны саябақтарда маса қаптап жүр деп шағымданды

Елорда тұрғыны саябақтарда маса қаптап жүр деп шағымданды

Елордадағы саябақтарда адам емес, маса көп. Арнамызға хабарласқан қала тұрғыны, жергілікті билік тарапынан тиісті шара неге қабылданбайды деп шағымданды. Саяқбақтың ашылғанына үш күн болған. Карантин режимі жеңілдеген соң, тынығамыз деп барған едік, масадан мезі болдық, дейді. Бірге тыңдайық.


Фариза САРАБЕК, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Набережный паркіне, орталық саябаққа демалып, серуендеуге шықтық. Бірақ көпке созылмады. Себебі масалардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Толған маса, жарықта да, қараңғыда да. Неге оларды улап, сол шараларды қолға алмасқа. Набережная халық ең көп жиналатын саябақтардың бірі. Соны қолға алса деймін.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Тұрғындардың айтуынша, бұл жағдай жыл сайын қайталанады. Біз бұл мәселеге жауапты мамандармен хабарласып көрейік. Бізбен байланыста Нұр-сұлтан қаласының әкімдігіне қарасты басқарма басшысының орынбасары Алмаз Рысалиев бар. парақшыларды, Советханұлы, қайырлы кеш! Көрерменнің  шағымын естіген боларсыз, саябақта маса өте көп деп жатыр. Сіздер тиісті шараларды қолға алдыңыздар ма? 

Алмаз РЫСАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН Қ. ӘКІМДІГІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Әрине, 15 сәуірден бастап тиісті шараларды қолға алдық. Мамандардың айтуынша дезинфекция жұмыстары сәуірден басталуы керек. Өйткені амсалар осы кезеңде пайда болады. Оларды жою кезеңі сәуір мен қазан айы болғандықтан 6 кезеңге бөлінген.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Алмас мырза, жүргізілген жұмыстың сапасын қалай қадағалайсыздар? Қаншалықты сапалы атқарылады жұмыстар?

Алмаз РЫСАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН Қ. ӘКІМДІГІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Нәтижеге жұмыс істегендіктен кейін энтомолог, биолог мамандар бар, күнделікті зерттеу жүргізеді. Кешкісін жүргізгендіктен кейін таңға дейін жүріп, тексеріп отырамыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Қанша қызметкер тартылған, Алмас мырза? Ешқандай қысқарту болмайды ма?


Алмаз РЫСАЛИЕВ, НҰР-СҰЛТАН Қ. ӘКІМДІГІ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

150 адам қызмет етеді. Біз осы шараларды күшейту үшін бірінші кезеңді аяқтадық, енді ары қарай жалғастырамыз.

Оксана ПЕТЕРС, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Еңбектеріңіз жемісті болсын! Рақмет сұқбатыңызға. Бізбен тікелей байланыста болған Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы басшысының орынбасары Алмаз Рысалиев. Қымбатты көрермен, сізді де мазалаған мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болып жатсаңыз, видео немесе аудио жолдай аласыз.

Ә. Өмірзақ