Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Оралда 1 миллиард теңгенің медициналық құралдарын Ресей асырмақ болған 14 көлік ұсталды

AstanaTV
15.05.2020ж. 20:00
2147
Оралда 1 миллиард теңгенің медициналық құралдарын Ресей асырмақ болған 14 көлік ұсталды

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» өткізу бекетінде 1 миллиард теңгенің медициналық құралдарын Ресейге асырмақ болғандар ұсталды. Тасымалдауға тыйым салынған жеке қорғаныс құралдары 14 жүк көлігіне тиеліпті.

Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер басқармасынан хабарлағандай, мұндай өнімді экспорттау үшін арнайы рұқсат берілуі тиіс. Бірақ кірісін жасырып, салық төлеуден жалтармақ болған жүк иесі- электронды шот фактураны қолдан жасапты. Алматы қаласынан шыққан күдікті көліктер Ресейдің Пенза облысына бағыт алған. Шекарада тұтылған тауар- қазір уақытша сақтау қоймасында. Олардың арасында медициналық маскалар, дәрі-дәрмек, байланыссыз термометрлер, қолғаптар, қорғаныс киімдері мен көзілдіріктері бар. Тауардың жалпы сомасы 1 миллиард теңгеге жуықтайды.

Тимур ТӨЛЕПОВ, БҚО МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ:

14 көліктің де құжаттары жоқ. Жүктің құжаттары Е-лицензиялау жүйесінде де, Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерінде де тіркелмеген. Сондықтан бұл құжаттар жалған болып саналады. Қазіргі таңда материал экономикалық тергеу департаментіне жолданды, процессуалдық шешім қабылдауға кедендік тексеру басталғанын хабарлаймыз.

Е. Карин