$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Нұр-Сұлтан қаласында соңғы үш жылда шомыламын деп 43 адам мерт болған

AstanaTV
15.05.2020ж. 20:00
1980
Нұр-Сұлтан қаласында соңғы үш жылда шомыламын деп 43 адам мерт болған

Нұр-Сұлтанда күн ысығанымен, өзен-көлдерде шомылу маусымы әлі ашылған жоқ. Алайда белгіленбеген, қауіпті аумақтарда сүңгитіндер көбейген. Төтенше жағдай мамандары осылай деп дабыл қақты. Тіпті «Шомылуға болмайды» деген белгіні ескеріп жатқандары аз дейді.  Олармен түсіндірме жұмыстарын жүргізген, егер оған құлақ аспай, қайталайтын болса айыппұл салынатынын ескертеді. 

Бүгін мамандар өзен жағасына рейд жүргізді. Олар 23 шомылатын орынды анықтады, оның тек 3-еуіне ғана суға түсуге болады деп отыр. Мегополис үшін бұл аздық етеді, көпшіліктің белгіленбеген жерлерде шомылу себептерінің бірі де - осы дейді. Енді биыл- әкімдікпен келіссөздер жүргізіп, ресми жағажайлар санын көбейту көзделген. Жалпы, соңғы 3 жылда 43 адам суға кеткен. Айта кетейін, Елордада өзен-көлдерге шомылу маусымы әдеттегідей 1-ші маусымда басталады. 

Бауыржан СЫЗДЫҚОВ, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Қалада 3 рұқсат берліген жеке меншік суға түсу орындарына қосымша 10 суға түсу орындарын ашуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда біздің құтқарушылар және аудандық әкімдіктердің мамандары сол орындарды дайындау үстінде. Статистикаға қарайтын болса суға кеткендердің 80 пайызы мас күйінде шомылғандар.

Ә. Өмірзақ