Қазақстандықтар төтенше жағдай кезінде ақшасының басым бөлігін азық-түлікке жұмсаған. Ranking.kz агантегі мониторинг жүргізіп, оның қорытындысын жариялады. Төтенше жағдай кезінде бөлшек сауда екі есеге төмендеген. Халық сәуірде дүкен, базар және басқа да сауда орындарынан 495, 7 миллиард теңгеге сауда жасапты. Дегенмен, бұл өткен жылмен салыстырғанда 40,9%-ға аз көрсеткіш деп отыр. Ал, қаңтар-сәуір айларындағы сауда көлемі 2,87 триллион теңгені құраған. Бұл да былтырғыға қарағанда 5,9%-ға төмен. Соған қарамастан, әдетте бөлшек сауданың үштен бір бөлігін құрайтын азық-түлік тауарларының үлесі едәуір артыпты. Ол 51,5%-ға дейін көтеріліп, 255,4 миллиард теңгені қамтыған.
А. Мүтәлі