Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Нұр-Сұлтандық әйел үйінде есірткі әзірлеп келген

AstanaTV
20.05.2020ж. 20:00
2908
Нұр-Сұлтандық әйел үйінде есірткі әзірлеп келген

Есірткі саудасы есіріп тұр. Елорда да астыртын түрде есірткі жасап, сатып келген Әйел адам тұтқындалды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері хабарлайды. Жасырын тергеу кезінде күдіктінің үйінде жеке зертханасы бары анықталған. Комитет өкілдері тінту кезінде 2 келі синтетикалық есірткі, шыны құтылар мен психотропты заттарды тәркіледі. Айта кетейік, тауарлардың қара нарықтағы құны шамамен 34 миллион теңгені құрайды. Қазір қылмыстық іске қатысты,тергеу басталды.

Аркен ӘБДІҒАЛИ, ҚР ҰЛТТЫҚ ҚАУІПСІЗДІК КОМИТЕТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


2 кг реагент, 40 литр әртүрлі прекурсор және зертханалық жағдайда психотроптық заттар жасау кезінде қолданылатын өзге де бұйымдар алынды. Күдікті қалалық тергеу изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.