Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

"Қазмедиа орталығы" қызметкерлерінен коронавирус анықталды

AstanaTV
21.05.2020ж. 20:00
2140
"Қазмедиа орталығы" қызметкерлерінен коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтандағы "Қазмедиа орталығы" қызметкерлерінен коронавирус анықталды. Қала әкімшілігі ақпаратты растап отыр. Олардың мәліметінше ғимараттың 200-ге жуық қызметкері Covid-19-ға тексерілген. Нәтижесінде "Еуразия" телеарнасының 2 қызметкерінен індет белгілері табылыпты. Олар қазір станционарда ем қабылдап жатыр. Аталған телеарна қазір қашықтықтан жұмыс істеуге көшті. Орталық әкімшілігі жедел карантиндік режимге ауысты. Маусымның 7-сіне дейін ғимаратқа кіріп-шығуға шектеу қойылды. Айта кетейік, елде COVID-19 ілмегіне ілінгендер саны 7 мыңнан асты.

Ғ.Өтемісов