Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Әуе билеттерінің ақшасы қашан қайтарылады?

AstanaTV
21.05.2020ж. 20:00
5152
Әуе билеттерінің ақшасы қашан қайтарылады?

Әуе билеттерінің ақшасы қашан қайтарылады? Төтенше жағдай режимі енгізілгенге дейін ішкі және сыртқы рейстерге билет алған жолаушыларды осы сұрақ мазалайды. Арада бірнеше ай өтсе де, ешқандай жауап ала алмаған көрермендер арнамызға шағымданды. Айтуларынша әуе компаниясы қоңырауға да, хабарламаға да жауап бермейді. Хабарласқан көрермендердің біреуін тындап көрейік.

Гүлназ САЛБІЛЕКОВА, НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
   
Карантинге дейін мен Астана-Ақтөбе, Ақтөбе-Астана авиа билеттерін сатып алып едім. Кейін карантинге жабылған соң мен бұл билеттерді приложение арқылы қайта қайтардым. Олар шамалы күте тұрыңыз ақша қайтарылады деген жауап жіберді. Ендігі күнде 2 ай уақыт өтті ақша әлі де қайтарылған жоқ.  Компанияның өзіне қоңырау шалған кезде олар көтермейді тұтқаларын.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Осы мәселеге жауапты Азаматтық авиация комитетіне хабарластық. Бізбен байланыста Авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов бар екен. Қайырлы кеш, Әділет Майбасарұлы! Көрерменнің шағымын естідіңіз. Бәрімізге белгілі COVID-19 пандемиясына байланысты 21-нші наурызда ішкі рейстер толығымен тоқтаған болатын. Енді айтыңызшы, неліктен осы уақытқа дейін жолаушылардың билет құны қайтарылмай жатыр? Нақты қандай себеп?

Әділет КӨБЕНОВ, АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АВИАЦИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Саламатсыз ба? Қазіргі уақытта билеттерді қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясының тапсырмасына сәйкес барлық авиа компанияларға билеттер толықтай және айыппұлсыз қайтару бойынша тапсырма берілген. Осы тапсырма шеңберінде авиа компаниялар жұмыс жүргізіп жатыр.


Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:


Сіздер тараптан қандай шаралар қолданылып жатыр? Әуе компанияларына билет құнын қайтару үшін тапсырма берілді ме? Әлде шығынға батқандықтан тағы да кешеуілдетуі мүмкін бе?

Әділет КӨБЕНОВ, АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АВИАЦИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Иә, әрине берілді. Қазақстанда төтенше жағдайды енгізу туралы ҚР Президентінің жарлығына сәйкес Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мен коронавирустық пандемияның дариялануына байланысты ҚР 19 наурыздан бастап Төтенше жағдай енгізілген. Осы жарлыққа сәйкес төтенше жағдай кезеңінде Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссиясы құрылған. Аталған комиссияның тапсырмасына сәйкес авиа компанияларға билеттер толықтай және айыппұлсыз қайтару бойынша тапсырма берілген.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Қанша уақыт ішінде осы ақшалардың барлығын қайтарасыздар?

Әділет КӨБЕНОВ, АЗАМАТТЫҚ АВИАЦИЯ КОМИТЕТІ АВИАЦИЯЛЫҚ ТАСЫМАЛДАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі уақытта енді айтқан кезде билеттерді қайтару бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Билеттер саны көп болғандықтан шағымданып жатқан жолаушылар саны көп болғандықтан бұл шағымдар тәртіп ретінде қарастырылып жатыр.

Әділет РАХЫМБАЙ, ТЕЛЕЖҮРГІЗУШІ:

Сұхбатыңызға рақмет! Байланыста болған Азаматтық авиация комитетінің Авиациялық тасымалдар басқармасының басшысы Әділет Көбенов. Хабарласқан көрермен сауалына жауап алды деп ойлаймыз. Бұл мәселені біз де өз бақылауымызға аламыз. Қымбатты көрермен, сіздің де мәселеңіз болса, экранда көрсетілген байланыс нөмеріне хабарласыңыз! Біз сізбен бірге жауабын тікелей эфирде іздейміз. Егер заңсыз оқиғалар мен төтенше жағдайлардың куәсі болсаңыз, хабарласып, видео немесе аудио жолдасаңыз болады.

А. Данияр