$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Шымкентте жолдың қақ ортасына электр бағанасын орнатып кеткен

AstanaTV
25.05.2020ж. 20:00
4676
Шымкентте жолдың қақ ортасына электр бағанасын орнатып кеткен

Электр бағаналарын жолдың қақ ортасына орнатып кетті. Бүгін редакциямызға Шымкент қаласы Қалшораев көшесінің тұрғындары хабарласып, осындай шағымдарын жеткізді. Олардың айтуларынша, жылдар бойы күткен жарық беру желілері ешбір стандартқа сай емес. Әкімдік әуелде бәрі уақытша деп сендіргенімен, енді тар, бағанды айналып өтетін жолдың үстіне асфальт төсеп береміз депті. Осыған келіспеген халық есік алдына тас төселсе, зуылдаған көліктерден көз ашпаймыз ба деп қорқады. Алдымен, шағымды тыңдап алайық!

Біз бұл мәселеге жауап алу үшін Шымкент қаласының атқамінерлеріне шығып көрейік. Бізбен тікелей байланыста Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш бар екен. Нұрлан ТІЛЕШҰЛЫ, қайырлы кеш! Сіз тікелей эфирдесіз! Тұрғындардың базынасын естідіңіз. Көшеде электр бағаналары дұрыс орнатылмаған. Оны мына жіберілген бейнетаспадан-ақ аңғаруға болады. Бір жұмысты екі етпей, бірден дұрыс орнатуға болмады ма?

Нұрлан ТІЛЕШ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫ АБАЙ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл негізі көтеріліп отырған мәселе бойынша, өздеріңіз білесіздер, Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Шұғыла ауданындағы Қалшораев көшесіне кесте бойынша биылғы жылдың маусым айында асфальт және аяқжол төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланып, мемлекет қазынасынан 72 млн теңге қарастырылған. Осы асфальт төсеу жұмыстарына кедергісін келтіріп отырған жаңағы тұрғындардың айтып отырған аталған көше орындары, электр бағанасын басқа жерге ауыстыру бойынша, аудан әкімі тұрғындармен кездесті. Аудан әкімінің бақылауында тұр. Бағанды басқа орынға ауыстыру жұмыстары 10 күн ішінде шешімін табады.

Сұхбатыңызға рақмет! Бізге хабарласқан көрермен сауалына жауап алды деп ойлаймыз. Бізде бұл жағдайды өз тарапымыздан бақылайтын боламыз. Айта кетейін, бізбен байланыста болған Шымкент Қаласы Абай ауданы әкімінің орынбасары Нұрлан Тілеш. Құрметті көрермен, егер сізді де алаңдатқан мәселе болса, экранда көрсетілген байланыс номеріне хабарласуыңызға болады. Біз сізбен бірге тікелей эфирде жауабын іздейтін боламыз.

А. Мүтәлі