Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

Павлодарда масаларды улау жұмыстары нәтиже бермеді

AstanaTV
27.05.2020ж. 20:00
2428
Павлодарда масаларды улау жұмыстары нәтиже бермеді

Павлодарда маса, шыбын-шіркейді дәрілеуге қыруар қаржы бөлінсе де, нәтижесі көрінер емес. Тұрғындар жәндіктерден бөлек, теректен ұшқан ақ мамықтан да жапа шегуде. Соңғы бірнеше күнде маса дернәсілдері көбейіп, ағаш ұлпалары өрт оқиғаларының басты себебіне айналған. Ақ мамықтан адамға келер зиян бар ма? Масаның көбеюіне не себеп? Шіркейлерді улау жұмыстары неге нәтиже бермей жатыр? Бұл сауалдарға өңірдегі әріптесім Өзгеріс Қуанар жауап іздеп көрді.

Мына кадрлар Павлодарда түсірілген. Қарға ұқсайтын мына ақ ұлпаға көшелер мен аулалар толған. Соның кесірінен өңірде өрт оқиғалары да көбейіпті. Күні кеше облыс орталығының өзінде 37 өрт ошағы тіркелді.

Ернұр ӨТЕГЕНОВ, ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫ:

Бұл енді көп мамықтың түсуіне байланысты. Жанағы адам дейтін темекі лақтырып немесе балалардың ойнауынан шығып жатқан нәрсе. Бірақ, бұдан ешқандай зардап шеккен адам жоқ. Ешқандай құрылығы ештеңе өртенген жоқ. Тек бұл жөнінде шығулар көп болды.

Тілсіз жау сауда орталығы мен тұрғын үйлерге де қауіп төндірген. Абырой болғанда, өрт дер кезінде ауыздықталып қауіп ошағы сейілді. Десе де, бұл ағаш ұлпасынан адамдарға зиян жоқ - деді, дәрігерлер.

Арман БАЙДІЛОВ, АЛЛЕРГОЛОГ ДӘРІГЕР:

Қазір басталып жатқан ақ ұлпа оған аллергия болмайды. Жалпы ол аллергендердің тасымалудашысы болып табылады. Басқа өсімдіктердің тозаңын жинап алып, оларды тасымалдайды. Сондықтан кейбір адамдар айтады менде осы ақ ұлпаға аллергия бар деп. Ол мүмкін емес. Тек ғана соның ішіндегі тозаңға немесе өсімдік тозаңына аллергия болуы мүмкін.

Тұрғындарды алаңдатқан тағы бір мәселе шыбын-шіркейлердің көбеюі. Соның салдарынан тұрғындар далаға шығудан қалдық - деп отыр.

БЛИЦ:

- Көбінесе, таңертең кешке шығуға невозможно городе. Менің ойымша, сенбеймін улап жатқандарына шынын айту керек ғой.

-  Көңіл толмайды. Мені жарайды. Біз кәрі кісіміз. Анау балалар немерелер далаға шыға алмайды. Сол жүреміз артынан шыбықпен айдап сары масаны.

-  Комары мошки много в городе. Я не знаю, как они травить.


Жергілікті билік, маса дернәсілдеріне қарсы улау жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты. Бірақ нәтижесі көрінбей тұр. Тұрғындардың дәрілеу жұмыстарына көңілі толмай жатқанда, препараттарда судың мөлшері көп екені айтылған бейнежазба тарады.

Ал ғалымдар масаның көптігіне улау жұмыстарында кеткен қателік себеп деп отыр. Өйткені, өзен аумағын дәрілеу кезінде жағалауға арнайы тосқауыл қойылмаған. Соның кесірінен маса дернәсілдерінің ұяшығы басқа жерге көшкен - дейді.

Ермек ҒАБДУЛЛИН, ҒЫЛЫМИ ТОП ЖЕТЕКШІСІ:

Оны түбімен жоямыз деп айта алмаймыз. Халыққа қолайлы жағдай жасауға тырысып жатыр жігіттер. Бұл яғни, бір 3-4 күннің ішінде қалпына келеді - деп ойлаймын.

Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ:

Биылдан бастап мердігерлер жасаған жұмысы үшін ақысын тек дәрілеу жұмыстары нәтиже бергенде ғана алатын болады. Соған қарағанда, олар осы жылы көк тиынсыз қалуы да мүмкін. Өйткені, өңдеу жұмыстары әзір нәтиже бермеді. Бұл мақсатқа қазынадан 500 млн-ға жуық қаражат қарастырылған болатын.

Ө. Қуанар