$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қытай емханасында ес-түссіз жатқан отандасымызға әлі нақты диагноз қойылған жоқ

AstanaTV
28.05.2020ж. 20:00
2994
Қытай емханасында ес-түссіз жатқан отандасымызға әлі нақты диагноз қойылған жоқ

Қытай циркінде жұмыс істейтін отандасымыз он күннен бері хал үстінде жатыр. Дәрігерлер науқасқа нақты диагноз қоя алмай отыр. Отыз сегіз жастағы Максим Кисленко Рудный қаласының тумасы екені белгілі. Қытайда сырқаттанып қалған жігіттің ата-анасымен қостанайлық тілішіміз Заңғар Санай кездесіп қайтты.

Ат үстінде акробаттық трюктер орындайтын Максим Кисленко Гуанчжоу циркінде жұмыс істейді. Әйелі екеуінің Қытайға қоныс аударғанына тоғыз жылдан асты. Денсаулығы күрт нашарлаған Максим ауруханаға мамырдың жетісі күні түсіпті. Қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр.

Сергей КИСЛЕНКО, ӘКЕСІ:


Қанын тазартқан соң, бүйрегі мен жүрегі жақсарды.Өкпесі нашар. Жасанды демалу апаратымен жатыр.Өз бетінше тыныстай алмайды. Комда жатыр. Соңы не болатынын ешкім білмейді. Неден болғанын да ешкім айта алмайды.


Максим Кисленко Алматыдағы цирк училищесіне оқып бітірген. "Спортты жаны сүйетін Максимнің денсаулығы бұған дейін еш сыр бермеген", дейді анасы. Қас қағым сәтте ес-түссіз халге түскеніне туыстары алаңдаулы.

Валентина КИСЛЕНКО, АНАСЫ:


Бала кезінен спортпен шұғылданды.Ешқашан ауырған емес.Неліктен кенет ауырғанын білмейміз.Әуелі әйеліне жағдайым нашарлап кетті деген.Ертеңінде ес-түссіз жағдайда түсіп,ауруханаға жеткізілген. Бізге өте қиын болып тұр.


Заңғар САНАЙ, ТІЛШІ:


Бала кезден өнерге құштар,спортқа бейім Максим осы аулада өсіп өнген. Мына 5 қабатты үйде тұрған. Ем-домға қомақты қаражат қажет болғандықтан осындағы бір бөлмелі пәтерді сатып, ақшасын Қытай жаққа аудардық дейді,- ата-анасы.

Хал үстінде жатқан отандасымыздың медициналық сақтандыру құжаты бар. Алайда оның ақшасы ауруханадан шыққан кезде ғана төленетін көрінеді. Оның өзі шығынды толықтай жаппайды. Ал, ауруханаға күніне 1,5 мың АҚШ доллары қажет. Қаржыдан қиналған ата-ана жергілікті кәсіпорыннынң бірінен көмек сұрап отыр.

Данияр СӘБИТОВ, РУДНЫЙ ҚАЛАЛЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Максимнің отбасы мүшелері, әкесі мен анасы кезінде осы кәсіпорында еңбек еткен.Оның бауыры әлі күнге дейін «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамында жұмыс істейді.Кәсіпорын басшылығы қаржылай демеу көрсетеміз деп отыр.


Сыртқы істер министрлігі сырқат отандасымыздың жағдайынан хабардар. Науқас реанимациядан шығып, беті бері қарағанда елге қайтаруды қарастырлып отыр. Жағдай Қытайдағы қазақ дипломаттарының бақылауында.

З. Санай