Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

"Ақтөбе хром қосындылары" зауытында қаза болған қызметкерлердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі

AstanaTV
29.05.2020ж. 20:00
4234
"Ақтөбе хром қосындылары" зауытында қаза болған қызметкерлердің отбасына материалдық көмек көрсетіледі

"Ақтөбе хром қосындылары" зауытындағы қайғылы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды, бір адам қамауға алынды. Ал, зауыт басшылығы қаза болғандарыдң отбасына материалдық көмек көрсететін болды.

Жұмагүл Бисембина үстінен жай түскендей халде отыр. Ел аман жұрт тынышта інісі Орынбасардан айырылды. Ал, екінші інісі Тұрардың үстінен бүгін қылмыстық іс қозғалды. Өйткені, ол кеше ауысым бригадирі қызметінде болыпты.

Жұмагүл БИСЕМБИНА, МАРҚҰМНЫҢ ТУЫСЫ:
 
Не легко. Родного брата потерял... Өте ауыржағдай. Туған бауырынан айырылды. Соңғы сапарға да шығарып сала алмай отыр. Тұрарды абақтыға жауып тастады. Негізі ол оқиға орнында болмаған.

Еске сала кетсек, бұл қайғылы оқиға мамырдың 28 күні түскі бірдің шамасында болған. Төртінші цехтағы 50 текше метрлік бөшкені тазалау кезінде төрт адам қаза тауып тағы екі адамды күйік шалды.

Нұрлан ӘБІШОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ АУРУХАНАСЫНЫҢ ДӘРІГЕРІ:

Шок жағдайында түсті екеуі де. Біреуінің денесінің күйігі 60-65 пайыз, екіншісі 30-35 пайыз денесін күйік шалған. Ақыл естері пока дұрыс. Емін қабылдап жатыр. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы ауыр.

Зауыт басшылығы бұл жұмысшылардың барлығын тәжірибелі, білікті мамандар ретінде сипаттап отыр.

Александр АСЫКА, «АЗХС» АҚ ӨҢДІРІСТІК БӨЛІМ БАСТЫҒЫ:

Дело в том, что работники не вчера устроились... Барлығы қауіпсіздік талаптарын жақсы білетін мамандар. Қорғаныш киімімен де арнайы жабдықпен қамтылған. Зауыт басшылығы қаза болғандарыдң отбасына және ауруханада жатқан қызметкерлерге көмек көрсетеді.

Кәсіпорын қаза болғандар мен күйік шалғандарға жарты миллион теңгеден көмек көрсетпек. Бұдан бөлек сақтандыру қорынан екі миллион теңгеден материалдық көмек көрсетіледі. Марқұмдардың жетім қалған балаларына да жәрдемақы тағайындалды.

Бақыт РАХМЕТОВА, ТІЛШІ:

Қазіргі кезде оқиға орнында арнайы комиссия құрылған. Қайғылы жағдайдың мән-жайы мен шығу себебі де анықталып жатыр.

Б. Рахметова
.