Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Бір тәулікте 450 адам коронавирус жұқтырған

AstanaTV
01.06.2020ж. 20:00
1910
Бір тәулікте 450 адам коронавирус жұқтырған

Енді COVID-19 дертіне қатысты кейінгі ақпаратқа құлақ түріңіздер. Ресми деректреге қарағанда, жұқпалы дертке соңғы бір тәулікте 450 адам шалдыққан. Сәйкесінше індетті жұқтыру көрсеткіші еліміз бойынша 4,1 пайызды құрап отыр. Вирусты жұқтырғандардың жалпы саны 10 мыңнан асты. Оның 5 мыңға жуығы аурудан айыққан. Ал, қайтыс болғандар саны 42 адамды құрады. Ал, әлемде жағдай тіпті алаңдатарлық. Мысалға Мексикада вирус жұқтырғандар саны 90 мыңға жуықтады. Қауіпті дерт бұл елдің экономикасын да ақсатты. Әлеуметтік қамсыздандыру институтының мәліметінше 700 мың мексикалық осы күннің өзінде жұмыссыз қалған. Билік жаңа бағдарламалар дайындап, 2 млн адамға жаңа жұмыс орындарын ашпақ.

Анна БЕРТА АНАЙЯ, МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРІ:

Айналаның барлығы қорқынышты. Вирус жұқтырып алып  отбасымызға қауіп төндіреміз бе деген де қауіп бар. Дегенмен қауіпсіздік талаптарын барынша сақтап, бұл ауыртпалыққа төтеп береміз деген ойдамын.


Ал, АҚШ-тың Джонс Хопкинс университеті сарапшылары келтірген дерекке қарағанда. Әлемде короновирусты індеттің ілмегіне ілінгендер саны 6 миллионнан асты. 2,5 миллион адам аурудан айықса қаза болғандар саны 370 мыңға жуықтады.

Ғ.Өтемісов