Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Бәрі адамның қолында. Мүгедектердің құқықтары.

AstanaTV
30.09.2017ж. 20:00
1829
Бәрі адамның қолында. Мүгедектердің құқықтары.

Елімізге жақында келіп кеткен БҰҰ Мүгедектердің құқықтары жөніндегі арнайы баяндамашысы Каталина Девандас Агилар былай деген: - Қазақстанда  балалар мен ересектері бар, жалпы саны 15 мың мүгедек жан оқшауланған мекемелерде өмір сүреді және олардың қоғаммен ешқандай байланысы жоқ. Мұндай мекемелерде мүгедектерге қатысты зорлық-зомбылық пен оларды деградацияға әкеліп соқтыратын қарым-қатынас жиі болады. Маған осыған қатысты шағымданды. Бұл біздің қоғамда ашық талқыланбайтын тақырып. Ақыл-ойында кемістігі барлардың барлығын жабық мекемелерге жаба беруге болмайтынын принципшіл мамандар ғана айтады. «Аман-саулық» қорының президенті Бақыт Түменова, қазір жүздеген адамдар тұрып жатқан интернаттарда неше түрлі жағдайлар болатынын біледі. Яғни, туыстары мен жақындары ұялып, әкеліп тастаған кем балалар мен ересектердің өмірі төрт қабырғаның ішінде ғана. Сондықтан ірі мекемелерді жабып, шағын отбасылық орталықтар құрған дұрыс,-дейді Бақыт Түменова.

Бақыт Түменова, «Аман-саулық» қоғамдық қорының президенті:

Жабық болғаннан кейін оның ішінде не болып жатқанын ешкім толық білмейді.Мен айтайын сізге. Екіншіден, осы таяуға дейін егер сондай адамдар бірігіп арыз жазса,бұрынғы Кеңес кезінде ондай арыздарды қарамайтын. «Ой, ол ақыл-ойы дұрыс емес адамдар жазған»- деп ондай арызды былай бөлек шығарып қоятын.Негізі қазір коммерциямен көп үйлер салынып жатыр. Сондай бірінші қатарынан болсын,екінші қатарынан болсын сондай екі-үш пәтер әрбір үйден бере берсе,сосын сол пәтерлерді жабдықтау керек,оны мемлекет тарапынан жасау керек.Сонан кейін сенімгерлік басқару ретінде үкіметтік емес ұйымдарға беру керек.

Қарағандыдағы «Лайықты өмір» мүгедектерді оңалту орталығының төрағасы Александр Ивкин сондай шағын орталықтардың Еуропа елдерінде кең тарағанын айтады. Өйткені батыста ақыл-ой кемістігі барлардың барлығын ...«жындылар» қатарына жатқызбайды. Қоғамға қауіп төндірмейтіндердің сау адамдармен бірдей құқығы бар.

Александр Ивкин, «Лайықты өмір» ның төрағасы:

Бізде егер адамның ақыл-ойы кем болса бітті,бар құқығынан айырамыз.Оның орнына бар проблеманы басқа адам шешеді. Осыдан кейін адам бұйығы күйге түседі.Маңайындағылар да сондай болған соң оның өзін әлеуметтік оңалтуға зауқы блмайды. Қазақстанда отбасы құндылықтары жоғары ғой.Неге олардың отбасы мүшелерін оқытып,үйретпеске?! Не орталық құрмасқа?! Еуропада ондай адамдар солай өмір сүреді, отбасын да құрады,жұмыс та істей алады.

Әлия Сүлейменова, Қарағанды қаласындағы «Логос» мүгедектерді оңалту орталығының жетекшісі:

Адамдарға бостандық беру керек. Әр адамда өзінің талабы болады. Мамандар оны ішінен шығару керек.Мысалы, психологтар көп жұмыс жасау керек. Әлеуметтік мамандар жұмыс жасау керек сондай адамдармен, ішіндегіні шығару керек, негізі.Талаптарын,ой -өрісін кеңейту керек.Оның бәрі бастан,қандай ой-өрісің болса,солай болады. Барлық адамдармен қосса, онда «ана кісі менен несі артық,мен де одан асып түсе аламын деп» - сондай болу керек.

Әлия мүгедектердің қолынан да іс келетінін дәлелдеді. Жастайынан сал болып қалғанмен, мұғалімдердің қарсылығы мен сенімсіздігіне қарамастаноқуын оқыды. Өмірге деген құштарлығының арқасында қазір өзі секілді жарым жандарға психологиялық,әрі сауықтыру қызметін көрсететін орталық ашқан. Оның көмегін алуға бүгінде жүздеген адам келеді.

Әлия Сүлейменова, Қарағанды қаласындағы «Логос» мүгедектерді оңалту орталығының жетекшісі:

Бір үш-төрт жыл бұрын сол мұғалім мені далада кездестірді,остановкада тұрғанбыз. Ол менен кешірім сұрады, сол бітірген студенттердің ішінде мен ғана мамандығым бойынша жұмыс істеп жатырмын. Сосын ол «кешір,мен қателесіппін,сен өзіңді дәлелдедің, жігеріңді көрсеттің» деп,кешірім сұрады.Мен әлі оқуымды жалғастырам.Иә, қиын болды. Мен әлі жаза алмаймын.Бірақ ауызша миымда бәрі жазылады.