Атырауда кәсіпкерлерді қорқытып ақша жинап келген қылмыстық топтың әрекеті әшкере болды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл туралы ресми сайтында жария етті. Арнайы операциясы барысында топтың белсенді 5 мүшесі ұсталған. Олардың арасында спортшылар мен деструктивті діни ағым өкілдері де бар. Кейбіреуі «ұрылар» идеологиясын ұстанып, трансұлттық қоғамдастықтардың көмекшілерімен байланыс ұстаған,- делінген сайтта. Фигуранттардың тұрғылықты жерлері бойынша тінту барысында әртүрлі 3 қару мен оқ-дәрілер табылған.
Б. Надирқызы