$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралдықтар бір жылдан бері үйлеріне кіре алмай жүр

AstanaTV
05.06.2020ж. 20:00
2649
Оралдықтар бір жылдан бері үйлеріне кіре алмай жүр

"Нұрлы жер" бағдарламасына сенген 200 оралдықтың баспанасыз жүргеніне бір жылдан асты. Өткен жылы тапсырылуы тиіс тұрғын үйдің ауладағы шұқыма жұмыстары бітпей жатқан көрінеді. Нақтырақ айтсақ жылу құбырлары жетпей қалған. Несиеге алынған пәтерге кіре алмай жүрген жұртпен тілшіміз Еркін Карин кездесіп қайтты.

Еркін КАРИН, ТІЛШІ:

Қазір үйдің өзі салынып біткенімен, ауласында құрылыс жұмыстары әлі жүріп жатыр. Құрылыс компаниясының өкілдері небары бес күннің ішінде су мен жылу және газ бен электр желісін тартып бітіреміз деп сендіреді. Бірақ уәделі үйді жарты жыл бойы күткен тұрғындар бұған сенер-сенбесін білмей, дал болып отыр.

Базыналы халық болашақ пәтерін сырттай қызықтап, күн санап жүр. Келісім-шартқа сай пәтерге олар өткен жылы кіруі тиіс еді. Алайда, күнде "ертеңмен" арада уақыт бір жылға созылған. Тоғыз қабатты екі үйдің айналасы астан кестен. Көлік түгіл адам өте алмайды. Бір сөзбен айтқанда, "Айналада ақ отау - ауызы мұрыны жоқ отау".

Мейірбек МАРАТҰЛЫ, ТҰРҒЫН:

Пәтер жалдап тұрамыз 45 мың теңгеге және мына ипотеканы төлейміз 37 мың теңге. Сондағысы айына 80 мың теңге шығынға батып отырмыз, былай айтқанда. Кірген жоқпыз, бірақ әлі төлеп жатырмыз.

Азамат СӘРСЕНҒАЛИЕВ, ТҰРҒЫН:

Қыста адам тұрмағандықтан, үй азып, шпатлевкалары түсті. Өзіміз келіп, куә болдық оны көріп. Үйді қыста бергенбе бұлай болмас па еді деп ойлаймыз.

Арайлым ҚҰБАШЕВА, ТҰРҒЫН:

ЖКХ-ға барсақ, қайда барсаңдар онда барыңдар. Барыңдар да, ақшасын төлемеймін деп айтыңдар дейді банкке. Бәрібір сендерге қалатын үй ғой дейді. Біз қалайша дейміз? Пәтер жалдап жүрген жас отбасыларға өте қиын болып тұр, екі есе шығын.

Жергілікті атқару органдарында дерек өзгеше. Қалалық құрылыс бөліміндегі құжаттарда, "Тұрғын үй былтыр желотқсан айында тапсырылды", деп көрсетілген. Ал, іс жүзіне келгенде инфроқұрылымы енді ғана тартылып жатыр. Құрылысшылардың айтуынша, бәріне - короновирус айыпты. Қызу жұмыс, карантин кезінде тоқтап қалыпты.

Арман ӨКСІКБАЕВ, ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Бұл үйге мырышталған жылу құбыры жүргізілуі тиіс. Бірақ мұндай материалды аз көлемде әкелу қиын. Кемінде 70 тоннаға тапсырыс беруің керек. Ал мына үйге кемінде - 5 тонна құбыр керек. Сондықтан, бөлек тапсырыс беріп, дүйсенбіде Ресейден алдырдық. Қазылған шұңқыр көміледі. Сосын үйге қоныстануға болады.

Құрылысшылар, бұл үйлер 15 күннің ішінде тапсырылады, деп уәде берді. "Ел аман жұрт тынышта бітпеген құрылыс, карантин кезінде аяқталады дегенге", тұрғындардың тіпті сенгісі жоқ.

Е. Карин