Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Ақтөбеде «Восток-Ақтөбе» лагерінің тәрбиешісі Әліби Өтепбергенге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

AstanaTV
08.06.2020ж. 20:00
4020
Ақтөбеде «Восток-Ақтөбе» лагерінің тәрбиешісі Әліби Өтепбергенге қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалдырылды

Ақтөбедегі лагерде жасөспірімдерді азғындыққа итермеледі деп айыпталған Әліби Өтепбергенге қатысты сот үкімін апелляциялық сот өзгеріссіз қалдырды. Бұған дейін тәрбиешіні сот он жылға бас бостандығынан айырған болатын. Алайда айыпталушы өзіне тағынған айыппен келіспейтінін айтып, апеляцияға арыз түсірген болатын.

Анар АЙТЖАНОВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ СОТЫ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:


Ақтөбе облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жас  балаларды сексуальдық сипаттағы азғындық жолға түсіргені үшін 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасына сотталған Әліби Өтепбергенге қатысты үкім өзгеріссіз, сотталғанның апелляциялық шағымы қаңағаттандырусыз қалдырылды.

Еске сала кетсек, өткен жылдың шілдесінде «Восток-Ақтөбе» лагеріне балаларын жіберген ата-аналар арызданды. Олар лагерь тәрбиешісі болған Әліби Өтепбергеннің оғаш әрекеттерін балалары жайып салғанын айтты. Осыдан соң 23 жастағы тәрбиешінің үстінен Қылмыстық Кодекстің 124 бабы 3 тармағымен іс қозғалып, ол он жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол жазасын қатаң режимдегі абақты да өтеп жатыр.

Б. Рахметова