$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Алматыда күрделі жөнделіп жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысы тексерілді

AstanaTV
10.06.2020ж. 20:00
2389
Алматыда күрделі жөнделіп жатқан әлеуметтік нысандардың жұмысы тексерілді

Алматыдағы құрылыс компанияларының 90 пайызы отандық өнімді пайдаланады.  Бүгін "Нұр Отан" партиясының алматылық өкілдері әлеуметтік нысандарда жасалып жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын бақылау кезінде осыны анықтады. Дегенмен, жобалаушылар мен мердігерлер тарапынан кеткен кемшіліктер де бар болып шықты. Әсіресе кәріз жүйесі мен сейсмикалық тұрақтылық талапқа сай болмай шыққан.

Артур КОТЕНОВ, АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ:

Мысалы, жоспар бойынша қызыл кірпіштің орнына қарапайым құймалы кірпіштер қаланған. Құйылмалы блок кірпіштер өткен ғасырдың технлогиясы. Біз бүгін құрылыс жұмыстарының әр саласын жіті қадағалаудамыз. Балабақшаның сапасы туралы ата-аналар немесе нысанды қабылдап алушылар тарапынан ескертулер болмауы керек.


Бақылаушылар тобы 1939-шы жылы салынған жалпы білім беретін №54 мектепте болды. Одан соң №16 балабақшадағы жұмыстармен танысты. Қос нысанда күрделі жөндеу жұмыстары қарқын алған. Айта кетейік, нысандарды бақылау «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған. 

Ербол БАЕКОВ, АЛМАТЫ қ. №54 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

2020-2021 жылдары бұл күрделі жөндеуде тұрғанменен 2021 жылдың бірінші қыркүйегінен бастап бұл жерде бірінші сыныптан бастап, 11 сыныпқа дейінгі барлық сыныптар жұмыс істейтін болады.

А. Кемелжан