Спорт Қазақстан
$448.15 €483.46 ₽4.86
×

«Nur Otan» партиясының орталық аппаратында еріктілерге Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды

AstanaTV
11.06.2020ж. 20:00
3894
«Nur Otan» партиясының орталық аппаратында еріктілерге Нұрсұлтан Назарбаевтың атынан алғыс хаттар табысталды

"Біз біргеміз" акциясына бір кісідей ат салысқан еріктілерге Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың алғыс хаты табысталды. Марапатты жастарға партия Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек тапсырды. Оның айтуынша «Төтенше жағдай» кезінде мұқтаж азаматтарға көмектесуге 5 мыңнан астам ерікті жұмылдырылыпты. Тынымсыз жұмыстың арқасында 250 мың отбасыға азық-түлік себеттері мен гигиеналық заттар жеткізілген. Тіпті Мақтааралдағы апаттан зардап шеккен отбасыларға да волентерлар қол ұшын созғанын мақтанышпен жеткізді.

Еңбегі еленген еріктілер дәл осындай алғыс хаттармен марапатталды. Осы аптада үш мыңдай қазақстандықты мадақтау жоспарланған. «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек «Biz Birgemiz» акциясына қатысқан әр белсенді марапатқа лайық екенін айтты. Ол мұқтаж жандарға көмек көрсеткен қайырымды жастарға алғысын білдірді.

Бауыржан БАЙБЕК, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:


Өткен жылы мысалы елбасы жастарды қолдау жылы деп атап өткен болса, осы жылы біздің Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы «Волонтерлар» жылы деп атады. Бұлай боларын кім білген? Бірақ осы жыл шынымен де «Волонтерлар» жылы. Бұл қасиет бізде бұрыннан бар. Сондықтан осы жолы сіздер шынымен де үлкен тәжірибе алдыңыздар деп ойлаймын. Үлкен жетістікке жету үшін бүгіннен бастау керек. Біз әрқашан біргеміз.


«Birgemiz» қорының қолдауымен 470 мыңнан астам отбасы 50 мың теңгеден біржолғы қаражат алды. Сонымен қоса 250 мыңнан астам отбасыға материалдық көмек үлестірілді. Карантин кезінде игі бастамаға жұмыла кіріскен жастар көп. Солардың бірі Таңшолпан Жауынбай. Ол қиын кезеңде отандастарына қолдау білдіруді парызым деп санайды.

Таңшолпан ЖАУЫНБАЙ, ЕРІКТІ:

Волонтерлер қатарынан табылу мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Біз Нұр-Сұлтан жастары елімізде карантин басталған сәттен бастап, әлеуметтік осал топтағы отбасыларға кішкене болсын көмектесуге тырыстық. Және осындағы барлық еріктілерге алғысымды айтқым келеді.

Бұдан бөлек, Бауыржан Байбек жастарды алдағы партрияішілік таңдау - праймеризге қатысуға шақырды. Ол өз сөзінде іріктеу арқылы бастамашыл жастар үшін «әлеуметтік лифт» қалыптастырамыз деді.

Ғ. Өтемісов