$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Оралда газ мекемесінің қызметкері ток түсіп, көз жұмды

AstanaTV
12.06.2020ж. 20:00
2391
Оралда газ мекемесінің қызметкері ток түсіп, көз жұмды

Оралда газ мекемесінің қызметкері тоққа түсіп, көз жұмды. Қазір электр желісін жөндеуші топтың қауіпсіздік техникасын қаншалықты сақтағаны тексеріліп жатыр. Ал оқыс оқиға болған жердегі үй иелері осы ауданда үш күннен бері жарық болмағанын айтады. Олар жауапты мекемелерге өтініш беріпті. Айтуларынша қайғылы оқиға қас-қағым сәтте болған. Электр бағанына өрмелеп шыққан қызметкер жоғарыда 15 минут жұмыс істеген соң, оны тоқ соққан. Артыншы бағанаға ілініп, салбырап қалады.

Иван АЗОВСКОВ, ТҰРҒЫН:

Оқиғаның қалай болғанын өз көзіммен көрдім. Оның қолында резеңке биялайы болды. Бірақ 3 секундтай ток соғып, от шашырап, электр бағанында қимылсыз салбырап қалды. Содан кейін жедел жәрдем мен полицияны, төтенше жағдай қызметін шақырттық.

Кейін марқұмның газ беру мекемесінің қызметкері екендігі анықталыпты. Неліктен электр энергиясын жөндеуге газ маманы келгені әзір белгісіз. Осыған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Полиция Қылмыстық Кодекстің 156 бабымен, яғни еңбекті қорғау қағидаларының бұзылуы бойынша іс қозғады. Ал облыстық Еңбек инспекциясының дерегінше, жыл басынан бері жұмыс орнында 27 адам жарақат алып, екі жұмысшы көз жұмыпты. Негізінен әбден машықтанған жұмысшылар сақтық шараларын жиі естен шығарады деп отыр.

Е. Карин