Спорт Қазақстан
$443.44 €480.51 ₽4.88
×

Нұр-Сұлтанда 270 бала коронавирус жұқтырған ,- С.Қисықова

AstanaTV
12.06.2020ж. 20:00
1902
Нұр-Сұлтанда 270 бала коронавирус жұқтырған ,- С.Қисықова

Астанада 330 медицина қызметкері коронавирус жұқтырған. Олардың арасында Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының қызметкердлеріде бар. Бұл туралды бүгін қалылық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Санитарлық дәрігерлер ортақ талаптар орындалмаса күшейтілген карантин тәртібі қайта енгізілетінін тағы да ескертті. Өйткені кесел жұқтырғандар азаймай тұр.

Ел ішінде эпидемиологиялық жағдай ушығып барады. Өткен тәулікте 314 адамнан індет анықталып, науқастардың жалпы саны 13 мың 900-ге жуықтады. Өсім 2,3 пайызды құрайды. Ал статистикаға қосылмаған коронавирустың белгілері жоқ тасымалдаушы 3200-ге таяған. 68 адам қайтыс болды. Кеселді жұқтыру фактісу ең көп тіркелген өңір: Қарағанды облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы.

Жанна ПРАЛИЕВА, НҰР-СҰЛТАН қ. МЕМЛЕКЕТТІК БАС САНИТАРЛЫҚ ДӘРІГЕРІ:

Науқастар саны артқан жағдайда, коронавирус инфекциясының ары қарай таралуына жол бермеу мақсатында шектеу әрі карантин шараларын күшейтуге мәжбүр боламыз. Оған қаланың бас санитар дәрігері ретінде құзіретім бар.

"Коронавирустан келетін қауіп-қатер ойдан шығарылған" деп айтуға болмайды. Астананың бас дәрігері Сәуле Қисықова әлі де COVID-19-ға сенбейтіндерге осылай деді. Оның дерегінше бас қаладағы вирус жұқтырғандардың 270-і бала.

Сәуле ҚИСЫҚОВА, НҰР-СҰЛТАН қ. ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:


Қала бойынша 330 медицина қызметкері вирус жұқтырған. Олардың арасында өлім жағдайы тіркелген жоқ. 40 адам Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының қызметкері. Сондай-ақ жалпы науқастардың 48-інің жағдайы ауыр. 18 ем алушының өмірі қыл үстінде. Олардың өкпелері жасанды желдету  құрылғысына қосылған.

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеухан мен Ұлттық спорт қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбайда вирусты жұқтырып алған. Ол жайлы депутат әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Бекболат ТІЛЕУХАН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ:

Коронавирусқа тапсырған тест оң нәтиже көрсетті. Алдымен, үй жағдайында ем қабылдап бастаған едім. Қазір ауруханада дәрігерлердің толық бақылауындамын. Тиісті ем шараларын қабылдап жатырмын. Дәрігерлер атаған COVID-19 симптомдарын бастан өткерудемін.

Әйтсе де Азаматтық авиация маусымның 20-нан бастап, 6 елге халықаралық рейстерді ашатындарын хабарлады. Нақтырақ айтсақ, Түркия, Қытай, Оңтүстік Корея, Таиланд, Грузия және Жапонияға әуе қатынасы жанбанбақ.

А. Данияр