Спорт Қазақстан
$443.85 €474.3 ₽4.8
×

Жамбылдық жеткіншектер жаға жыртысып, біреуі пышақтап тастаған

AstanaTV
15.06.2020ж. 20:00
3468
Жамбылдық жеткіншектер жаға жыртысып, біреуі пышақтап тастаған

Жамбыл облысында көрші ауылдың жасөспірімдері жаппай төбелесіп, біреуі мерт болды. Тағы үшеуі пышақ жарақатын алған. Марқұмның жақындары бұл төбелеске 20-ға жуық мектеп оқушысы қатысқанын айтады. Олар енді бар қылмыс бір ғана жеткіншектің мойынына жүктеліп жатқанын түсіне алар емес. Тараптарды тандаған әріптесім Берік Жұмабай жалғастырады.

Бұл - екі ауыл арасындағы жасөспірімдердің төбелесің салдары. Қайғыдан қан жұтып, жоқтау айтып отырған марқұм Оралбек Кетебаевтың туыстары. Ол сол күнгі төбелесте сегіз жерінен пышақталып, ауруханада қайтыс болған. Туыстарына тергеуші барлығы бір адамның қолынан пышақталғанын айтқан. Бірақ бұған олар сене алар емес. 

Бейсенбай ҚҰТЫШЕВ, МАРҚҰМ О.КЕТЕБАЕВТЫҢ ӘКЕСІ:
 
Ұзынқұлақтан естіп айтып отырған әңгімеміз: бір ғана балаға жабылып жатыр екен, жала. Ол да жетім бала екен. Тек шешісінен басқа ешкімі жоқ екен. Үйсіз-күйсіз екен. 

Оралбекпен бірге болған достарының айтуынша, жаппай төбелескен бойжеткен себеп болған. Мектеп маңында біреу қызға тиіскен, ал қыз оны ағасына айтып барған. Кешке екі топ жиналып, арадағы ерегес төбелескен ұласқан.

Асқар САНЖАР, МАРҚҰМ О.КЕТЕБАЕВТЫҢ ДОСЫ:
 
Біз қуаладық. Сол кезде төбелес басталып кетті. Орал жүріп келе жатқан етін. Жағдайы жақсы етін. Осы жемпірінің бәрі қан-қан етін. Осы жаққа келіп, үсті-басы қан-қан талып қалды.

Мақұм болған оқушы биыл сегізінші сыныпты аяқтаған. Ол жастайынан спортқа жақын, оқуда да озат болды дейді туғандары. Олардың айтуынша жеткіншекке сегіз жерінен пышақ жарақыт салынған, ауыр хәлде ауруханаға түскен. Ал ақ халаттылар жылдам әрекет етпеді дейді. Ал, дәрігерлер мұнымен келіспейді. 

Сейдахмет ШЫНЫБЕКОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫ БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Көмек көрсетілді и операцияға дайындық жүргізілді. Операцияның үстінде наркоз кезінде жүрегі тоқтап, қанның көп жоғалтуына байланысты жүрегінің тоқтауына алып келді. Бізде проблемалар жоқ.


Сондай-ақ, төбелесте жарақат алған тағы екі оқушы қазір ауруханада жатыр. Олардың өміріне айтарлықтай қауіп жоқ екенін жеткізді. Қазі аталған дерекке сай тергеу амалдары басталған. Ал күдікті қамауда отыр. 

Гүлсара МҰҚТАРҚҰЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Күдікті ұсталып Тараз қаласының уақытшы ұстау изаляторына камаққа алынды. Қазіргі уақытты төбелеске қатысушылардың барлығы анықталып жауап алынды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99 бабы 2 бөлімімен сотқа дейінге тергеу амалдары басталды.


Марқұмның туыстары көрші ауыл жастарын қатаң жазалауды сұрайды. Өйткені олар бұл кездесуге алдын ала дайындалып шыққан деп болжайды.

Б. Жұмабайұлы