$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Атырауда мұздатқышқа салынған шақалақ, уақытынан бұрын дүниеге келген

AstanaTV
17.06.2020ж. 20:00
3017
Атырауда мұздатқышқа салынған шақалақ, уақытынан бұрын дүниеге келген

Атырауда дәрігерлер мұздатқышқа салған шақалақ, уақытынан бұрын, әрі жолдасымен бірге шыққан. Бүгін кезекті сот процесінде, сол күні кезекшілікте болған перинаталдық орталық қызметкері осыны айтты. Ол бөлімшеде әйелдердің өте көп болғанын, тіпті дәлізде де жатқандарын айтты.

Ләззат ХАСАНОВА, АТЫРАУ ПЕРИНАТАЛДЫҚ ОРТАЛЫҚТЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
 
Тұрымбетованың айқайлаған дауысы естідім. Барсам босанғалы жатыр екен. Мен «қыздар құрал-жабдықтар керек»,- деп айқайладым. Өйткені потология бөлімшесі болғандықтан , бізде босандыру құралдары болмайтын. Алайда оған жетпеді. Сәби жолдасымен бірге туылды. Мен жұмыс тәжірибемде мұнайды алғаш рет көруім. Көкпеңбек. Қозғалыс нышандары байқалмады.

Сот процесі елдегі карантиндік жағдайға байланысты онлайн өтуде. Журналистер облыстық сот ғимаратындағы монитор арқылы бақылады. Алайда онда ешқандай техникалық жағдай жасалмаған. Видеоданы былай қойғанда, сот залындағы дауыс та анық естілмейді. Айыпталушылар бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев пен оның екі әріптесі тергеу абақтысынан тікелей қосылды. Олар журналистерді көре сала, камераны дәптермен көлегейлеп тастады. Тек сот төрағасы араласқан соң ғана бейнекамера ашылды. Жаға ұстатарлық бұл оқиға былтыр қыркүйекте белгілі болды. Облыстық перинаталдық орталықтың 5 маманы құжатты өзгерткісі келмей, тірі туған нәрестені мұздатқышқа жіберді деген айыпқа ілікті.  Олардың үшеуі аталған іске тікелей қатысты деген күдікпен тергеу абақтысына қамалса, қалған екеуі ақпаратты жасырды деген күдікпен ешқайда кетпеу туралы қолхатпен үйінде жүр.

Б. Надирқызы