Спорт Қазақстан
$444.22 €476.38 ₽4.82
×

Елбасынан коронавирус анықталды

AstanaTV
18.06.2020ж. 20:00
2396
Елбасынан коронавирус анықталды

Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирусқа тапсырған соңғы сынамасы оң нәтиже көрсеткен. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай «Twitter» парақшасында жазды. Оның сөзінше, алаңдауға негіз жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев қазір жұмысын қашықтықтан жалғастыруда, делінген. Бұл ақпарат тарағалы Елбасының денсаулығына қараша халық та алаңдаушылық білдіруде. Орайы келгенде айта кетейін, «Астана телеарнасының» ұжымы да, әлемге танымал саясаткер, көшбасшы, Елбасының тез сауығып кетуіне тілекші.

Несіпхан БАТЫРХАНОВА, АЛМАТЫ қ. АЛАТАУ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР ҰЖЫМЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Құрметті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы! Жаңалықтан естіп жатырмыз Сіз аты жаман ауруға душар болып қалыпсыз. Алатау ауданының ардагерлері түгел жиналып келейік деп едік. Оған енді карантин болған соң шыға алмадық. Сол кісілердің атынан Сізге тезірек айығып кетіңіз, мықты денсаулық болсын, Тезірек қатарымызға қосылыңыз деп үлкен жүрегіммен тілдеу тілеймін.


А. Мүтәлі