Спорт Қазақстан
$446.49 €475.38 ₽4.79
×

Алматыда 200-ден астам мекеме күрделі жөндеуден өтіп жатыр

AstanaTV
18.06.2020ж. 20:00
1965
Алматыда 200-ден астам мекеме күрделі жөндеуден өтіп жатыр

Алматыдағы 200-ден астам нысанды күрделі жөндеуден өткізу жалғасып жатыр. Жұмыстың сапасы «Nur Otan» партиясының бақылауында. Бүгін партиялықтар Жетісу ауданындағы Қорғаныс істері жөніндегі департамент пен ауданаралық туберкулезге қарсы диспансерлік ғимаратағы құрылыспен танысты. Қос нысандағы жөндеу жұмыстары осыдан бір ай бұрын басталған.

Нұржан ӘЛІМБАЕВ, «СПЕЦКОММУНСТРОЙ» ЖШС НЫСАННЫҢ ТЕЛІМ БАСШЫСЫ:
 
Бұл құрылыс 12 майда басталды. Желтоқсанда бітуі керек. Қазір бір айдан артық қана жұмыс істедік қой, келешекте болып жатса айтамыз. Әзірге болған жоқ, кешігу жалақыдан ешқандай жоқ. Материалдар сұраған уақытымызда келіп тұр объектіңнің басында.


Партия мүшелері, құрылысшылардың санитарлық талаптарды қаншалықты сақтап жатқанын да тексерді. Бақылаушылар екі нысанда да дезинфекциялық сұйықтықтар, медициналық маска және қолғап қойылған деп отыр. Айта кетейік, аталған нысандарға мониторинг жүргізу «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы аясында қолға алынған болатын.

Борис ЖАПАРОВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ АЛМАТЫ қ. ФИЛИАЛЫ ЖАНЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАҒАСЫ:

 
Қорғаныс департаментінің ғимаратында май айында басталған жұмыстар жүріп жатыр. 02/36 Жұмыспен қамту орталығымен келісім-шартқа отырып фирма, сол жақтан жұмыс күшін алуда. Бірақ біздің  ескерту жасағанымыз келген жұмысшылардың үлкен бір бөлігі бұларды тастап қайтып кеткен. Оның енді себебін анықтау керек.

А. Лесбек