"Nur Otan" партиясы бақылауына алған Түркістан облысы тұрғындарының өтініштері орындала бастады. Жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласының азаматтары уәде етілген баспанаға қол жеткізсе, Мақтаарал ауданының топан судан зардап шеккен шаруалары шитін қайта сеуіп, қуанып отыр. Өңірдегі оңды істердің барысы келесі бейнематериалда.
Өзбекстандағы Сардоба су қоймасының бұзылуы салдарынан Мақтаарал ауданындағы 5 ауыл зардап шекті. Бүгінде су тасқынынан зардап шеккен шаруа қожалықтарын қайта қалпына келтіру жұмыстары аяқталған.
Әбіш ЖАҚСЫЛЫҚОВ, «САБЫР» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
15 гектар алқабымызды су басты, кешегі Өзбекстаннан кеткен су. Ал содан кейін Өзбекстан тарапынан бізге көмек келді. Ол көмектің бәрін пайдаландық. Өзбекстан техникасын әкеп жауды, чизл салды жерді. Егіп берді бүгінгі күні мақта міне, бір айға кешігіп отыр.
«Nur Otan» партиясының өкілдері алғашқы күннен бастап-ақ апат орнында. Топан су салдарын жою жұмыстарына белсене араласып келеді.
Бейсенбай ТӘЖІБАЕВ, «NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы өңірдегі барлық болып жатқан төтенше жағдай кезінде партиялық ұйымдастыруды және қадағалауды ешбір төмендеткен емес. Мәселен таяуда Мақтаарал ауданындағы тасқын су апаты кезінде осы біздің партияластар бірінші күннен бастап сол қалың елдің ортасында болып, барлық көмек қолын тікелей созып, ұйымдастыру жұмыстарының бел ортасында жүрді.
Арыстағы 57 отбасының баспанасы мәселесі де нұротандықтардың назарында. Партия Төрағасының Бірінші орынбасары былтыр әскери қоймадағы жарылысқа байланысты тұрғындармен кездесіп, қаланы қалпына келтіруге барынша қолдау көрсетілетінін айтқан. Ескі қос жатақхана тұрғындары жаңа үйге жайғасып үлгерген. Құрылысқа 600 миллионға жуық қаржы жұмсалыпты.
Гүлнар ШЫНЫБЕКОВА:
Біздің үйіміз екі қабатты тұғын. Бауыржан Байбек келіп біздің үйімізді қайтып қалпына келтіріп, үш этажды ғып салып береміз деп заманауи қып салып береміз деп уәде беріп кеткен тұрғын. Уәдесінде ол кісі тұрды.
Ақпан айында Бауыржан Байбек Жетісай қаласындағы құрылысы аяқталғанмен жұмысы жүрмей тұрған жаңа емхана дәрігерлерімен кездескен еді. Бұл мәселені де партиялық бақылау комиссиясының назарға алуын тапсырған болатын. Медициналық мекеме бүгінде толық қуатында жұмыс істеп тұр. Тіпті интернет желісіне де қосылған.
А. Төребекқызы