$498.55 €524.28 ₽4.75
×

Елде ауру белгілері жоқ тағы 964 COVID-19 тасымалдаушысы анықталды

AstanaTV
22.06.2020ж. 20:00
3297
Елде ауру белгілері жоқ тағы 964 COVID-19 тасымалдаушысы анықталды

Ал, COVID-19 бойынша елде ауру белгілері жоқ тағы 964 адам анықталды. Осылайша, вирус жұқтырған, алайда жалпы тізімге кірмеген "симптомсыздар" саны рекорд орнатты. Олардың жалпы тізімі 10 мыңға жуықтады. Аталған инфекцияны жұқтырғандар 18 мыңнан асып жығылады. Ал, 120 науқас індет құрбаны болды. Қарағанды облысында соңғы бір аптада короновирустан халдері мүшкіл күйге түскен науқастар күрт көбейді. Күн сайын ауруханаға жатқызылатындардың 40 пайызының жағдайы ауыр. Бұл туралы бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Олар жағдайдың ушығуына тұрғындардың медициналық көмекке тым кеш жүгінуі себеп болып отыр дейді.

Ержан НҰРЛЫБАЕВ, ҚАРАҒАНДЫ ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Соңғы 4 күнде Ковидке шалдыққан, пневмония пайда болған науқастар күрт көбейді. Қазіргі маусымда ол қорқынышты жағдай. Азаматтардан суықтау, тұмау белгілері байқалысымен жергілікті емханаларға хабарласуды сұраймын. Шақырулар көп, олар жетпей жатыр. Алайда кез келген емхана шақырған адамға көмек көрсетеді. Өз беттеріңізбен емделмеңіздер.


Қауіпті дертті Алматы облысының әкімі Амандық Батталов, Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов та жұқтырғаны белгілі болды. Қала басшысы өзінің әлеуметтік парақшасында тест сынамасы оң нәтиже көрсеткенін жариялапты. Қазір дәрігерлердің бақылауында, үйінде оқшауланған.

Ғ.Өтемісов