$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Атыраулық шаруа әкімдікке ашулы

AstanaTV
22.06.2020ж. 20:00
3904
Атыраулық шаруа әкімдікке ашулы

Атыраулық шаруа ауыл шаруашылығы үшін жалға алған жерін, жергілікті әкімдік қайта қайтарып алғанына ашулы. Қожалық иесі Нұрлан Кенжеғалиев 2015 жылы Махамбет ауданынан 400 гектар аумақты мал шаруашылығы үшін және 100 гектар жерді мал азығын дайындауға жалға алған. Содан бері мал басын көбейткен. Бірақ жуырда ғана жері мемлекетке кері қайтырылғанын естіп, аң-таң. Өйткені өзіне ол туралы ешкім ескертпеген.
 
Нұрлан КЕНЖЕҒАЛИЕВ, «НҰРЛАН» ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Мына қора, мына мал шаруашылылығына арналған жерге салынып отыр мына үйім бәрі 400 гектардың ішіне салынып отыр. Енді мен білмеймін кәсіпкерлер қалай жұмыс жасайтынын осыдан кейін. Желанием кетіп қалы жұмыс жасауға.


Белгілі болғандай: Махамбет аудандық жер комиссиясы «шаруа қожалығы 400 гектар жерді игермей отыр» деп шешім шығарған. Олардың айтуынша, жыл басында шаруаның атына тіркелген мал саны аз болған. Сондықтан 400 гектарды мемлекетке қайтарып, 100 гектар жерді ғана шаруаға қалдырыпты.

Зұлхарнай МҰҚАШ, МАХАМБЕТ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:

11 ақпанда біткен шарты. Жалдау шарты. Дәл сол күні ол кісі арызын берген екен. Жұмыс тобының жер қатынас бөлімі өзі округ әкімімен барып зерделеген. Оларға мен сенбеске күмәнім жоқ. Оларға сену керек.


Нұғыман ПЕРНЕБЕКОВ, МАХАМБЕТ АУДАНДЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:


Қайтадан конкурсқа түсуіңе болады.  Егер малын тіркеп. Жайылымға жер керек боп жатса.  Ешқандай 100 гектардың үстінде ешкім ала алмайды. Өзінің заңды 100 гектарын қалдырдық. Қорамен бірге.


Алайда шаруаның отбасы өзге малды карантинге байланысты тіркей алмағанын жеткізді. Баспаналары мен қоралары мал шаруашылығына арналған 400 гектар аумаққа салынған. Ал әкімдік қалдырған жерде бау-бақша ғана бар деді.

Ақөрік БАЙДУЛИЕВА, ШАРУАНЫҢ ЖАРЫ:

Ол 100 гектардың өзінің бағыты бау бақшаға берілген.  Оған бау бақша ғана егіледі. Басқа зат жасалынбайды. 


Мал шаруашылығын өркендетеміз деген отбасы, бәрін қайта бастау қиынға соғады деп отыр. Онсыз да жалға жер алу үшін ақ жағалалардың артынан 3 жыл жүргендерін айтты.

Б. Надирқызы