Әлемдегі жағдай. Үнді-Қытай шекарасындағы кикілжің басылмай тұр. Қытай қарулы күштері Тибетте шұғыл әскери дайындық жүргізіп жатса Үндістан даулы аймаққа әуе күштерін жіберді. Маусымның 15-де Бенгал шығанағында болған қарулы қақтығыстан Үнділер 20 шекарашысынан айырылған. Ресми Дели, бұл оқиғаны Қытай әдейі ұйымдастырған акция, деп есептейді. Үнді пермьер-министрі Нарендра Моди, кез-келген қауіптің бетін қайтаруға дайынбыз, деп мәлімдеді.
Нарендра МОДИ, ҮНДІСТАННЫҢ ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:
Мемлекеттік шекараны ешкім бұзбады. Қытай біздің бірде бір бекетке баса көктеп кірген емес. Ешкім біздің жерімізге көз сүзе алмайды. Біздің армия кез-келген қауіпке жауап беруге құқылы. Екінші жағынан біз дипломатиялық келіссөздерге де дайынбыз. Қытай біздің ұстанымызды біліп отыруы керек.
Үндістан даулы аймаққа әскери әуе күштерін жіберді. Тікұшақтары сан-түрлі зымырандармен қаруланған. Ресми Бейжің айтпақшы, Гималайдағы Галуан өзені даласы «Қытай жері» деп отыр.
Чжао ЛИЦЗЯН, ҚХР СІМ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Галуан даласы Қытай жақта жатыр. Бұл мәселе осы күнде әр түрлі жолдармен шешіліп жатыр. Оның ішінде әскери және дипломатиялық қадамдар да бар. Білуімше осы уақытта Қытай жақта бірде-бір Үнді азаматы жоқ!
Маусымның 15 күнгі қарулы қақтығыста Үнді жақтан 20 шекарашы қаза болған. Қытай 43 сарбазынан айырылды деген ақпарат бар. Алайда, Бейжің өз шығынын ресми растаған жоқ. Қақтығыста екі жақтан жиынын 250 адам қатысқаны белгілі.
Д. Мұхаммедкәрім