$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп,қос құдағи көз жұмды

AstanaTV
23.06.2020ж. 20:00
3247
Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп,қос құдағи көз жұмды

Қостанай облысы Әулиекөл ауданында тұрғын үй отқа оранып, қос құдағи жан тапсырды. Төтенше жағдайлар департаменті өрттің темекі тұқылынан тұтанғанын мәлімдеді. Үй иесінің 45 жастағы баласы арақ ішіп, абайсызда баспананы өртеп алған. Енді ол қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Таңғы төрт шамасында тұтанған от, 80 шаршы метр баспананы түгел шарпыған. Мамандар өрт туралы хабар кеш түсті деп отыр.

Азамат ОРЫМБАЕВ, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР ДЕПАРТАМЕНТІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қайтыс болған үй иесінің 1975 жылғы туған баласы болған екен. Қазіргі болжам бойынша ішімдік ішіп,темекі шеккен деген болжам болып отыр.Полиция қызметкерлері бұның барлық мән-жайын анықтау үшін тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.


Өрт сөндірушілер жанған баспанадан екі газ баллонын сыртқа шығарып үлгерген. Ал, үйінділер арасынан екі адамның мүрдесі алып шықты. 1936 және 1937 жылы туған қос зейнеткер түтінге тұншығып, көз жұмған. Айта кетейік, құдағиы бір күн бұрын ғана қыдырып келген екен. Жалпы, жыл басынан бері аймақта осымен 15 адам өрттен ажал құшты.

З. Санай