$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Алматыда көп қабатты үйдің балконынан секірген әйелдің денесі жан-жаққа бөлшектенген

AstanaTV
24.06.2020ж. 20:00
3624
Алматыда көп қабатты үйдің балконынан секірген әйелдің денесі жан-жаққа бөлшектенген

Алматыдағы элиталық көп қабатты тұрғын үй кешенінің 15-ші қабатынан әйел адам құлап кетті. Оқыс жағдай таңғы сағат 11-лерде, Бостандық ауданында болған. Куәгерлер оның денесі бөлшектеліп қалғанын айтады.    

Евгений СОЛДАТЕНКО, КУӘГЕР:

Мен жүк тасымалдаушымын. Осы кешеннен шақырту алып, көлігіме мына үйдің жиһаздарын тиеп жүрдім. Бір уақытта күзетші жігіттердің айқай-шуы естіле бастады. Жоғарыға қарағанымша қыз баланың дене бөліктері әп-сәтте алдымда жатты. Қатты биіктен секіргендіктен ағза мүшелері жан-жаққа шашырап кетті.


Оқиға орнына полиция мен жедел жәрдем қызметін де сол маңдағы куәгерлер шақыртқан. Тәртіп сақшылары, марқұмның кім екенін анықтап жатыр. Тергеу барысында әйелдің жүйке ауруымен ауыратынын анықтаған. Қалалық полицейлер келіншекті суицидке не итермелегені осы тергеу барысында анықталуы тиіс деп отыр.

Салтанат ӘЗІРБЕК, АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:


15 қабаттағы балконның терезесінен жас әйел секіріп түсіп өкінішке орай оқиға болған жерде жан тәсілім етті. Анық болғандай бұл азаматша жүйке ауруына шалдыққан. Арнайы есепте тұрады. Болған оқиғаның толық мән-жәйлары және себеп-салдары алдағы сот алды тергеу кезінде анықталатын болады.

Ә. Лесбек