Ақтөбеде бір тәуліктің ішінде пневмониядан тағы төрт адам көз жұмды. 28 науқас ауыр халде, жаңсақтау бөлімінде жатыр. Олардың он шақтысы жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Өңірде 1 мың 257 адам өкпе қабынуына шалдыққан. Бүгінгі күнге дейін аталған дерттен 22 адам дүние салды. Қаза болғандардан Ковид-19 расталмаған. Қытайлық кесілге шалдықттандары саны аймақта 671-ге жетті. Бас санитарлық дәрігердің қаулысымен, ертеңнен бастап облыс орталығындағы барлық балабақшалар жұмысын уақытша тоқтататын болды. Оған мектепке дейінгі мекемелерде коронавирусқа шалдыққандардың көбеюі себеп болған. Ақтөбедегі балабақшалардағы 9 қызметкерден дерт анықталыпты.
Нұрсұлу БЕРКІМБАЕВА, АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ТАУАРЛАР МЕН КӨРСЕТІЛГЕН ҚЫЗМЕТТЕР САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ:
Осы күнге тоғыз науқас тіркелді. Ақтөбе қаласында және бірнеше аудандарда әртүрлі кезекшілікте тұратын, тамақ дайындайтын, тәрбиелеушілердің арасында жұмыскерлер арасында тез тарамау үшін сонымен қатар балаларға ауру жұқпау үшін осындай шешім қабылданды.
Б. Рақметова