Коронавирусты Қостанай облысының әкімі де жұқтырды. Аймақ басшысы бұл туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жазды. Архимед Мұхамбетов жұмысын қашықтан жалғастыратынын және облыс тұрғындарына сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырды. Қазір індетті жұқтырғандардың ресми саны 18 мың 700-ден асты. 137 адам кеселдің құрбаны болды. Бұдан бөлек, ел тұрғындары жедел жәрдемнің кешігіп келетініне жиі шағымдануда. Тиісті сала мамандары мұны шақыртудың көптігімен байланыстырды. Сонымен бірге, қараша айына дейін тағы 807 жедел жәрдем көлігін сатып алуды жоспарлап отырғандарын жеткізді.
Бауыржан ЖҮСІПОВ, ҰЛТТЫҚ ШҰҒЫЛ МЕДИЦИНАНЫ ҮЙЛЕСТІРУ ОРТАЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ м.а.:
Республика бойынша жедел медициналық бригадалары күніне 18000 шықыртуға қызмет көрсетуде. Егер де науқастың өміріне не денсаулығына қауіп төнген жағдайда жедел көмек бригадасының келу уақыты 15 минуттан аспауы тиіс, ал науқастың денсаулығына не өміріне айқын қауіп болмаған жағдайда келу уақыты 60 минутқа дейін өзгереді.
А. Данияр