$494.87 €520.65 ₽4.91
×

Түркістан облысында бұрынғы мектеп директоры әділдік іздейді

AstanaTV
24.06.2020ж. 20:00
3084
Түркістан облысында бұрынғы мектеп директоры әділдік іздейді

Түркістан облысы Бәйдібек ауданындағы Борлысай орта мектебін бір жылдан астам уақыт басқарған Шынаркүл Бекберген есімді азаматша әділдік іздейді. Арызданушының айтуынша аудандық білім бөлімінің басшылығы себепсіз қызметтен шеттеткен. Эск-директор бірнеше рет өзінің үстінен жазылған арыз-шағымдарда қызметтен қуатындай себеп жоқ деп санайды. Тіпті мәселесі қаралған алқа мәжілісінде де өзіне қарсы пікірлер айтылмаған.   

Шынаркүл БЕКБЕРГЕН, БОРЛЫСАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БҰРЫНҒЫ ДИРЕКТОРЫ:


Ешқандай мүшесі оның менің жұмысымнан ешқандай шектен шыққандық, заңсыздық нәрсе көріп тұрған жоқпыз деп өздері сөйлеп тұр хаттаманы солай толтырады да, бірақ соның қорытындысында қызметтен босатсын деген қаулы шығарады. Мен бұған келіспеймін.

Экс-директор Борлысай орта мектебіне былтыр наурызда конкурстық негізде тағайындалыпты. Оған дейін 25 жыл осы ұяда орынбасарлық қызмет атқардым дейді. Бұрынғы басшы, қызметтен босатылуына бес оқушының түңгі уақытта дүкенге ұрлыққа түсуі негізге алынғанын түсіне алар емес.
 
Шынаркүл БЕКБЕРГЕН, БОРЛЫСАЙ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ БҰРЫНҒЫ ДИРЕКТОРЫ:

Күндізгі сабақ уақытында болса онда мен жауап берген болар едім. Ал ол 16-желтоқсан күні түнгі сағат екілердің кезінде, ата-ананың қарауы кезінде болып тұр. Менің мектебімде түнгі рейдте кезекшілікке тұратын уақыттан да асып кеткен уақыт ол.

Аудандық білім бөлімінің өкілі болса, Шынаркүл Бекбергенді қызметтен босатуға оның үстінен түскен арыздардың көптігі себеп болғанын алға тартты.  

Айнұр ҚАЛАУБАЕВА, БӘЙДІБЕК АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:
 
Облыстық білім басқармасының тарапынан да қайта-қайта бізге хаттар келіп түсіп жатты, жауапкершілігін қарау жөнінде мектеп директорының. Сол себепті бізге босатуға тура келді мектеп директорын.


Ал, облыстық білім басқармасының өкілі телефон арқылы бұрынғы директор мектеп ұжымымен дұрыс жұмыс істей алмаған, деді. Бұдан бөлек оқу-тәрбие мәселесінде де олқылық жіберген деп қосты. 

Ардақ САДЫҚОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСТЫҚ АДАМИ ӘЛЕУЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Бұл мәселе бойынша егерде келіспеген жағдайда тек қана сот арқылы шешуге болады. Бірақта бүгінгі таңға біз барлық материалдарды зерделеп көрдік, аудандық білім бөлімінің шешімі заңды деп есептейміз. 1,5 жылдың ішінде енді кішкентай коллективте сонша арыз-шағым болуы ол мектеп директорының менеджментті дұрыс жолға қоймау деген сөз.

Алайда, қызметтен кеткен басшы бұл арыздардың негізсіз екеніне сенімді. Шынаргүл Бекберген енді сотқа жүгінуге бел буды.

А. Төребекқызы