$498.34 €519.72 ₽4.85
×

Таразда той жасағандардың ісі сотқа жолданды

AstanaTV
25.06.2020ж. 20:00
3323
Таразда той жасағандардың ісі сотқа жолданды

Таразда келін түсіріп, есік алдына беташар жасағандар, енді сот алдында жауап береді. Жүзден аса жұртты жинаған отбасы, карантин талаптарын бұзғаны үшін жазаланбақ. 

Тараз қаласы Шөлдала ауылдандағы бұл бетешар маусымның 23-інде болған. Келіннің бетін елге танымал әзілкештар ашып, тойда асабалық еткен. Беташарды түсірілген әуесқой түсірілімдер әлеуметтік желі арқылы еркін тараған.  Жиналғандардың ара қашықтықты сақтамағанын, тіпті медициналық маска тақпағандарын таспада анық көрінеді. Карантин талаптарын бұзғандарға айыппұл салынбақ. Ереже бұзғандар болған жайтқа өкінішін білдірді.

Қайрат ТАМАБЕК, ШӨЛДАЛА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Екі үш күн бұрын беташарым болған. Беташарға шақырылған жақын араласатын 20-30 ақ адам еді, арасында танымал бір-екі кісі болғандықтан көршілерім қаптап адам саны көбейіп кетті. Карантин режимін бұзамын деп ойламадым, барлық қазақстандақтардан кешірім сұраймын.

Ғабит ӘБДІЛДӘ, ТАРАЗ қ. ТАУАРЛАР ЖӘНЕ КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫ МЕН ҚАУІПСІЗДІГІН БАҚЫЛАУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазіргі таңда іс шараларды өткізуге мерекелік, спорттық іс шараларды өткізуге тиым салынады. Бұл азаматқа карантин режимін бұзу бойынша хаттама толтырылды. Қазіргі таңда хаттама сотқа жолдану үстінде.

Б. Жұмабайұлы