Спорт Қазақстан
$447.4 €477.55 ₽4.76
×

Павлодарда сал ауруына шалдыққан 6 жастағы бала көмекке мұқтаж

AstanaTV
26.06.2020ж. 20:00
2432
Павлодарда сал ауруына шалдыққан 6 жастағы бала көмекке мұқтаж

Павлодарда сал ауруына шалдыққан 6 жастағы балаға көмек қажет. Туғанынан миына қан құйылған. Сұлтанның қазіргі жағдайы ауыр. Өздігінен сөйлей алмайды, тіпті жүре де алмайды. Тамақты оған езіп береді. Анасының айтуынша Сұлтан уақытынын тым ерте, яғни небәрі 5 айында дүниеге келген. Толық жетілмеген соң, аяқ-қолы бүрісіп, басы үлкейіп кетіпті. Көзі де көрмейді.

Әсем МӘУЕНОВА, СҰЛТАННЫҢ АНАСЫ:

Сол аяққа тұрғызғым келеді. Ну врачтар айтады тұрғыза аласың баланы. Сол алғым келеді. Бірақ та, қаражатым жетпейді. Үлкен әпкем бар сол кішкене көмектеседі.  Ол да көмектесе алмайды. Өз семьясы бар.
 
Жалғызбасты ананың арманы баласын емдету. Бірақ оған шамасы келер емес. Отағасы отбасына тастап кеткендіктен, қайырымды жандардан үмітті.
 
Әсем МӘУЕНОВА, СҰЛТАННЫҢ АНАСЫ:

Адамдардан көмек сұраймын. Ұлымды, баламды аяқтан тұрғызғым келеді. Енді аяққа тұрғызып аяққа қасымда жүрсе. Көбінесе далада жүргенде кісілер қарайды. Енді каждый ана балаларын нетеді ғой.

Ал денсаулық сақтау басқармасы Сұлтанның денсаулығына қатысты қандай бір ақпарат бермеді. Анасы Әсем баланың басындағы ұйыған қанды алу үшін бас сүйекке дәрігерлер қондырғы орнатқанын айтты. Оны 5 жыл сайын ауыстырып отыру керек екен. Ал аппаратты сатып алу, оны орнату да қомақты қаржыны талап етеді.

Реквизит:

ИИН 850 605 450 840
Мауенова Асем Кияковна
+7 771 475 89 51
Kaspi Gold  5169 4931 4280 9709

Ө. Қуанар