Спорт Қазақстан
$443.35 €475.54 ₽4.82
×

Елде қымбат маркалы автокөліктерге сұраныс артқан

AstanaTV
26.06.2020ж. 20:00
2406
Елде қымбат маркалы автокөліктерге сұраныс артқан

Карантин жеңілдетілгелі елде қымбат маркалы автокөліктерге сұраныс артқан. Бұл туралы дилерлік орталықтар желісінің бас директоры Динара Ысқақова мәлімдеді. Оның айтуынша, люкс автокөліктер наурыз-сәуір айларында да тұрақты сатылған. Мәселен, бір ғана Porsche дилерлік орталығының сатылымы 86 орташа айлық есептік көрсеткішке тең. Ал, Audi - 50 пайыз, Cadillac - 12 пайызды құраған. Компания басшысы қымбат көліктерге сұраныс артқанымен, елдегі автокөлік сату саласы едәуір шығынға ұшырағанын айтты. Тіпті, карантин аяқталғанның өзінде көлік саудасын қайта қалпына келтіруге кемінде бір жыл кетеді деп отыр. Сондай-ақ Динара Ысқақова автосалондағы көліктердің 65 пайызына 10 жылдан асып кеткен,-деді.

Ғ.Өтемісов