Спорт Қазақстан
$445.66 €474.58 ₽4.78
×

Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азамат жалақысын ала алмай жүр

AstanaTV
02.07.2020ж. 20:00
2651
Қазақстанда жұмыс істейтін шетелдік азамат жалақысын ала алмай жүр

Өзбекстан азаматы жалақысы мен құжатын ала алмай зар илеп жүр. Еңбекақысы тұрмақ, құжатынан айрылған ол еліне қайтуды армандайды. Самат Тұрақұлов шекара асып Қазақстанға келгеніне 1 жылдан асыпты. Елордадағы шағын дәмханаға жұмысқа орналасқан. Еңбек ақысын бұған дейін уақытылы алып жүрген ол соңғы айда айлығынан қағылыпты.

Самат ТҰРАҚҰЛОВ, ӨЗБЕКСТАН АЗАМАТЫ:

Бір жылдан бері осы жерде жұмыс істеймін. Бастығым айлығымды бермей қойды. 5 шілдеде тіркеу мерзімім аяқталады. Сондықтан елге тезірек жетуді қалаймын. Алайда не құжатым не айлығым жоқ. Пәтерақымды да төлей алмай отырмын.


Ашынған шетелдіктің шашбауын көтеріп, түсірілім тобы болып дәмхана басшылығына бардық. Олар есігін бекітіп жауап беруден бас тартты.

Десе де, жұмысында жоқ мекеме басшысыанн ұялы байланыс арқылы жауап алдық. Әуелде 10 күннен соң айлығын беруге келіскен директор сөзінен танып, басқаша жауап қатты.

Заман ҚОЖА, ДӘМХАНА БАСШЫСЫ:

Жауапты өзінен сұраңдар, менен несін сұрайсыңдар? Ақша қарыз болсам, документальный әкелсін. Көрсетіңдер! Жоқтан-жоқ жала жауып жатқан шығар.


Шетелдік азаматтың айтуынша, жұмыс беруші оның құжаттарын алып қойған. Сондықтан осылай жауап беріп отыр,-дейді. Амалы таусылған ол жергілікті полицияға арызданыпты. Алайда құқыққорғаушылар тексеріске біраз уақыт кететінін айтқан. Редакция ұжымы дәл осындай мәселемен өткен апта да айналысқан еді. Ол кезде мемлекеттік еңбек инспекторы Мақсат Дүйсенов құқығы бұзылғын кез-келген азаматқа көмек көрсететінін жеткізген еді.

Мақсат ДҮЙСЕНОВ, МЕМЛЕКЕТТІК ЕҢБЕК ИНСПЕКТОРЫ:

Бізге ең алдымен жұмыскерлерден арыз келеді. Құқығының бұзылуы, жалақыны толық төленбеуі, немесе кешіктірілуі, негізсіз жұмыстан шығарып жіебру мәселелері бойынша арыз түседі. Сол арыз бойынша тексеріске шығамыз.

Құжатынан айрылған жігіт енді қайда барарын білмей дал. Соңғы үміті - мемлекеттік еңбек инспекциясы көмектессе екен, дейді. Ал әзірге шетелдік азаматтың күтуден басқа амалы жоқ. 


Ғ.Өтемісов