Спорт Қазақстан
$449.58 €486.94 ₽4.86
×
Реклама на сайте

Шымкенттік ауруханаларда төсек орын көбейіп, қосымша дәрі-дәрмек жеткізілуде

AstanaTV
02.07.2020ж. 20:00
2175
Шымкенттік ауруханаларда төсек орын көбейіп, қосымша дәрі-дәрмек жеткізілуде

Шымкенттік фармкомпаниялар тапсырыстарын 5 есеге арттырды. Қала әкімі Мұрат Әйтенов бүгін дәрі-дәрмек шығаратын өндіріс орнын аралап, қаланы қажетті препараттармен қамту мүмкіндігін бағамдап көрді. Шаһар басшысы танысқан «SANTO» дәрі-дәрмек зауытында инъекциялық ерітінділер мен инфузиялар және қатты пероральді дәрілік заттар, антибиотик ұнтақтары, стерильді емес ерітінділер шығарылады.

Светлана МАЙОРСКАЯ, «SANTO» КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨНДІРІС ЖӨНІНДЕГІ ДИРЕКТОРЫ:

Біздің компания қазір үзіліссіз, тәулік бойы жұмыс істеп жатыр. 830 қызметкер төрт ауысымда еңбек етуде.  Жоспарды 100 пайыз орындап отырмыз. Өнімнің 70 пайызы көтерме, 30 пайызы бөлшек бағада сатылуда.

Қалада вирусқа қарсы дәрілерге сұраныс артқан. Тіпті, көршілес облыстардан да тапсырыс бар. Дәрі сақтайтын ірі қойма өкілдері, қазір 15 көлік пен 5 вагонға тиелген дәрі-дәрмектің жолда келе жатқанын айтып отыр. Сонымен қатар, адамның дене қызуын түсіретін препараттардың 50-ге тарта түрі дәріханаларға жеткізіліпті.

Парацетамол 100 пайыз қамтамасыз етіледі. -Енді сіз қанша қаладағы аптекаларды қамтамасыз етіп жатырсыз?-Біз қаладағы барлық аптекаларды қамтамасыз етеміз. Мынаның бәрі бүгін ертең шығатын тауарлар.


Мұрат Әйтенов жұқпалы аурулар орталығының жұмысымен де танысты. Инфекциялық госпитальда қазір covid-19 және пеневмонияға шалдыққан ауыр халдегі науқастар ем қабылдап жатыр. Күн ысып, шомылу маусымы басталғалы бері ауруханаға жеткізілгендер де көбейген. Қалада жедел респираторлы вирус жұқтырғандар 2 есеге, пневмониямен сырқаттанғандар 6 есеге артыпты. Шаһар басшысы жағдайы ауыр науқастарға уақыт жоғалтпай, дер кезінде ем қолданатын амалды қарастыруды ұсынды. "Ол үшін денсаулығы оңалғандарды сайманы түгел провизорлық орындарға ауыстыру қажет. Сол кезде жедел жәрдем қызметкерлері ары-бері сандалмайды", деді.

Бір түнде 200 адам келуі мүмкін. Біз барлығын қабылдауға әзір болуымыз керек, орын жоқ, қайда жатқызамыз деп қол қусырмай. Сол үшін қосымша кереуерттер қойылсын. Кез келген жағдайға біз әзір тұруымыз керек.

Қазір қалада провизорлы орындардың саны да артып келеді. Мектептер мен спорттық кешендер де күндізгі стационар ретінде жабдықталып жатыр.

Айта кетейін, ем қабылдау орындарына үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жағы да басты назарда. Қазір медициналық көмекті дер кезінде көрсету үшін бірыңғай дистрибьютор арқылы 207,1 млн.теңгеге қосымша дәрі-дәрмектер мен медициналық құралдарға тапсырыс берілді. 76,8 млн.теңгенің тауары жеткізіліп үлгерген.

А. Төребекқызы